02.04.2015, 21:14 6095

Елбасы "Жастар қуатты Қазақстан үшін" республикалық форумына қатысты

Форумға студент, спортшы, шығармашыл және жұмысшы жастардыӊ 2000-ға жуық өкілі келді. Сондай-ақ Атырау және Маӊғыстау облыстарыныӊ жастары да тікелей эфир арқылы осы іс-шараға қатысты

Астана. 1 сәуір. Kazakhstan Today - Форумға студент, спортшы, шығармашыл және жұмысшы жастардыӊ 2000-ға жуық өкілі келді. Сондай-ақ Атырау және Маӊғыстау облыстарыныӊ жастары да тікелей эфир арқылы осы іс-шараға қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мемлекет басшысы қатысушыларды форум жұмысыныӊ басталуымен құттықтап, жастардыӊ негізгі бастамаларды жүзеге асыруға белсене қатысып жүргеніне тоқталды. Бұл туралы Ақорданы? баспасөз қызметі хабарлады.

- Қазақстан қатаӊ климат жағдайында жерімізді орманға айналдыру үшін күш салуда. "Жасыл Ел" бағдарламасы аясында 115 мыӊ гектар аумақта 50 миллион ағаш отырғызылды. 200 мыӊдық "Жасыл Ел" командасыныӊ бұл еӊбегі ерлікке бара-бар. "Дипломмен - ауылға!" бағдарламасы бойынша 30 мыӊ жас ауылға аттанды. Бұл жастардыӊ елді және оныӊ шалғай мекендерін дамытуға қатысуыныӊ көрсеткіші болып саналады. Қазақстан жастарға түрлі салаларда қамқорлық көрсетеді, соныӊ ішінде оларды шетелдерде оқытады. Республикада білімді еӊбек тәжірибесімен ұштастыратын дуальды оқыту жүйесін енгізу шаралары қабылдануда. Бүгінде белсенді әрі мақсатшыл жастар үшін елімізде барлық мүмкіндіктер бар, - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті форумға ниеті бір, тілегі ортақ мыӊдаған қазақстандық жас қатысып отырғанын айтты.

- Біз бірлесіп қуатты ел қалыптастырамыз. Осыныӊ бәрі сіздер үшін жасалуда. 4 жылда қаржыландыру көлемі білім беруде 2 есеге, ғылымда - 2,5 есеге, денсаулық сақтауда 1,5 есеге ұлғайды. Бүкіл ел бойынша біз жоғары оқу орындарында тегін оқу үшін жыл сайын 35 мыӊ грант бөлеміз. Назарбаев университет, Зияткерлік мектептер жемісті жұмыс істеуде. Біз индустрияландырудыӊ бірінші бесжылдығын табысты аяқтадық. Оныӊ аясында 700 кәсіпорын салынып, 60 мыӊ жаӊа жұмыс орны ашылды. Елге 200 миллиард доллар шетелдік тікелей инвестиция келді. Баршаныӊ еӊбегініӊ арқасында еліміз әлемніӊ мейлінше дамыған 50 мемлекетініӊ қатарына кірді, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы Батыс Қазақстан өӊірініӊ тұрақты экономикалық өсімін, әлеуметтік мәселелердіӊ шешіліп жатқанын, отбасылардыӊ әл-ауқаты артқанын атап өтті.

- Облыстарыӊызда соӊғы жылдары 260 миллиард теӊгеніӊ сомасына 34 кәсіпорын салынды және жаӊғыртылды. Онда екі мыӊнан астам адам жұмысқа орналасты. Өнеркәсіптік өндіріс көлемі небәрі 3 жылда 2 есе өсті. Қорғаныс кешені кәсіпорны табысты дамып келеді, соныӊ арқасында біздіӊ кеме жасайтын саламыз және өз теӊіз флотымыз бар. Біз шағын кәсіпкерліктіӊ дамуына қол ұшын созамыз. "Бизнестіӊ жол картасы - 2020" бағдарламасы бойынша тек Батыс Қазақстан облысында былтыр 1,7 миллиард тенге бөлінді, 9,5 миллиард теӊгеге 123 жоба жүзеге асырылды. "Жұмыспен қамту - 2020" бағдарламасы бойынша облыста 12 мыӊ жас жұмысқа орналасты, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ "Нұрлы жол" бағдарламасыныӊ негізгі бағыттарына және өӊірдегі индустриялық жобалардыӊ жүзеге асырылу барысына тоқталды.

- Біз жолдар, әлеуметтік нысандар мен жастар үшін баспана салып жатырмыз. Соӊғы 2 жылда облыста 360 жас отбасы пәтер алды. Яғни, 1000-нан астам адам баспаналы болды. "Нұрлы жол" аясында облыстарыӊызда Орал - Каменка тас жолы қайта жөнделеді. Қосымша инвестиция тарту үшін жаӊа индустриялық аймақ құрылуда. Жалпы құны 44 миллиард теӊгеніӊ екі индустриялық нысанын іске қосу жоспарлануда. Құны 2,5 миллиард теӊге тағы 3 жоба жүзеге асырылып жатыр, олар келер жылы іске қосылады. Алда үлкен жоспар және ауқымды жұмыс бар. Еӊбекқор халық үшін бұл соӊғы шек емес деп ойлаймын, - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті форумға көптеген белгілі спортшылар қатысып отырғанына назар аударды.

- Біздіӊ Илья Ильин, Геннадий Головкин, Денис Тен, Александр Винокуров және оларға қоса Лондон Олимпиадасында көпті тәнті еткен өзге де олимпиадашыларымыздыӊ есімдері бүкіл әлемге танымал. Олар жаӊа буын үшін лайықты үлгі болып саналады. Бүгінде спорт саласында 1500 спорт нысаны - стадиондар, бассейндер, хоккей және теннис корттары жұмыс істейді. Бүгінгі біздіӊ форумныӊ Қазақстан теннис федерациясыныӊ көмегімен салынған осы заманауи Теннис орталығында өтіп отыруы да бекер емес. Мұнда болашақ чемпиондар тәрбиеленеді, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы әлемніӊ озық 30 елініӊ қатарына кіру жолындағы жаӊа кезеӊніӊ басталғанын атап өтті.

- Біз басты мақсаты халықтыӊ тұрмысын барлық жағынан жақсарту, сонымен қоса сапалы мемлекеттік басқару, соттық-құқықтық қорғау, индустрияны дамыту, халық бірлігін нығайту болып саналатын 5 институционалдық реформаны жүзеге асырудамыз. Бұл - алдағы көп жылдарға көзделген ауқымды даму жоспары, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев жасалып жатқан жұмыстыӊ бәрі ел болашағына, өскелеӊ ұрпақтыӊ ертеӊіне бағытталып отырғанын айтты.

- Бүгінде сендердіӊ алдарыӊнан бүкіл әлемге жол ашық. Сендер қызықты кезеӊде өмір сүріп, болашаққа бағыт ұстаған елмен бірге өсіп келесіӊдер. Осыныӊ барлығы бейбітшілік пен тұрақтылықтыӊ, Қазақстан халқыныӊ достығыныӊ, туыстығыныӊ және өзара түсіністігініӊ арқасы, - деді Мемлекет басшысы.

Форум барысында "Қазақстан-2050" жалпыұлттық қозғалысы кеӊесініӊ мүшесі, Қазақстан-финляндия бизнес-хабыныӊ жетекшісі М.Манкеев, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетініӊ студенті президенттік стипендия иегері Г.Қойланова, олимпиада чемпионы И.Ильин, Атырау және Маӊғыстау облыстары жастарыныӊ өкілдері сөз сөйлеп, жастарға және олардыӊ бастамаларына ұдайы қолдау көрсететін Мемлекет басшысына алғыстарын айтты, сондай-ақ "Қазақстан-2050" стратегиясын жүзеге асыру ісіне белсене қатысуға әзір екендіктеріне сендірді.

Форум 4 корты, 300 орынға арналған трибуналары бар теннис орталығында өтті. Кешен дене шынықтыру және сауықтыру іс-шараларын өткізуге, халықтыӊ белсенді демалысына арналған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны