05.05.2016, 18:36 5114

Елбасы Жер кодексіндегі түзетулерге мораторий жариялады

Ақордада Елбасыныӊ төрағалығымен кеӊес басталды. Іс-шара барысында ағымдағы күн тәртібініӊ аса өзекті мәселелері талқыланады деп күтілуде, деп мәлімделген әлеуметтік желідегі парақшада.

Астана. 5 мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жер кодексінде қабылданған түзетулерге мораторий жариялады, деп хабарлайды Ақорда сайтыныӊ Facebook-тағы парақшасында, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Түсінбеген халыққа жердіӊ, әсіресе ауыл шаруашылығы жерлерініӊ сатылмайтындығын жеткізу керек еді. Мұнда алып-сатарлыққа жол беріліп отыр. Яғни, сәйкес атаулы топтарға оныӊ мәнін жеткізген жоқпыз. Қабылданған заӊныӊ тетіктері мен нормалары қоғамды тарта отырып, кеӊ талқылауға ие болған жоқ, және адамдардыӊ дабыл қағуы орынды. Егер халқымыз, қазақстандықтар бұл қабылданған шешімдерді түсінбесе және оған сенбесе, демек бұл дұрыс емес. Біз мұныӊ бәрін халық үшін істеп отырмыз ғой. Қоғамда осы мәселе бойынша бірқатар заӊнамалық нормалар бойынша күдіктер пайда болды", - деді Н.Назарбаев Ақордадағы кеӊесте, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Ақордада Елбасыныӊ төрағалығымен кеӊес басталды. Іс-шара барысында ағымдағы күн тәртібініӊ аса өзекті мәселелері талқыланады деп күтілуде, деп мәлімделген әлеуметтік желідегі парақшада.

Кеӊеске Парламент палаталарыныӊ төрағалары, Премьер-Министр, Президент Икімшілігініӊ Басшысы, Үкімет мүшелері және мемлекеттік органдардыӊ басшылары қатысуда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны