02.03.2011, 16:34 4274

Елбасы жергілікті бюджеттің орындалуына сыртқы қаржылық бақылау қызметін күшейтуді тапсырды

Елбасы жергілікті бюджеттің орындалуына сыртқы қаржылық бақылау қызметін күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 2 - наурыз. Kazakhstan Today - Елбасы жергілікті бюджеттің орындалуына сыртқы қаржылық бақылау қызметін күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаевты қабылдады.

О. Өксікбаев Президентке 2010 жылы комитет тарапынан жүргізілген бақылау іс-шараларының қорытындылары туралы, сондай-ақ өткен жылғы республикалық бюджеттің орындалуына жасалған талдаудың нәтижелері жөнінде баяндады.

"Мемлекет басшысы қаржылық бақылауды жетілдіру жөнінде, сондай-ақ жергілікті бюджеттің орындалуына сыртқы қаржылық бақылау қызметін пысықтау және күшейту туралы бірқатар нақты тапсырма берді", - деді О. Өксікбаев журналистерге арналған брифингте.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны