09.01.2018, 20:13 5460

Елбасы жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауына қатысты мәлімдеме жасады

Отанымыздыӊ көркеюі әркімніӊ жаӊа "цифрлық дәуір" талаптарына сай болуына байланысты. Осыны әрбір қазақстандық тереӊ түсінуі керек.

Астана. 9 қаӊтар. Kazakhstan Today -"Қазақстан әлемдегі түрлі сынақтарға төтеп беріп, қарқынды экономикалық даму жолына бет алды. Еліміздіӊ 2050-ші жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясы жүзеге асырылуда. 100 нақты қадам Ұлт жоспары аясында біз реформаларды жүргізіп келеміз. Индустрияландыру саласын өркендету үшін жүйелі жұмыстар атқарылуда. Біз конституциялық реформаны жүзеге асырып, еліміздіӊ Үшінші жаӊғыруын бастадық. Рухани жаӊғыру бағыты бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілуде. "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы қабылданды", деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ертеӊ Мемлекет басшысыныӊ Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы жарияланады. Ол Төртінші индустриялық революция жағдайында елдіӊ дамуына арналған.

"Мен іске асыруымыз керек 10 негізгі тапсырманы атап өтемін", деді Елбасы.

Елбасы тоқталып өткен 10 негізгі тапсырманыӊ бірі - Агроөнеркәсіп кешеніне қатысты.

"Агроөнеркәсіп кешенін жаӊа технологиялық деӊгейге көтеру керек. Бұл ауыл шаруашылығында еӊбек өнімділігі мен өӊделген өнім экспортын түбегейлі арттыруға тиіс".

Төртінші. Транспорт пен логистикалық инфрақұрылымды одан ары дамыта беру.

Цифрлық технологияларды енгізу мен Интеллектуалды транспорт жүйесін құру жүк тасымалдау мерзімдерін қысқартуға және транзиттен түсетін табыстарды еселеуге мүмкіндік береді.

Тапсырмалар жолдаудыӊ толық мәтінінде баяндалады, деді президент.

"Аталған міндеттерді орындау үшін бүкіл қоғамныӊ бірлігі мен ынтымағы керек.

Ол үшін Үкімет пен әкімдер кеӊінен түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет.

Отанымыздыӊ көркеюі әркімніӊ жаӊа "цифрлық дәуір" талаптарына сай болуына байланысты.

Осыны әрбір қазақстандық тереӊ түсінуі керек.

Қазақстанныӊ жарқын болашағы жолында барлық мақсаттарға қол жеткізетінімізге кәміл сенемін!",- деді Елбасы бүгін жасаған мәлімдемесінде.

Жолдау мәтіні ертеӊ баспасөзде жарияланады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны