28.01.2015, 21:36 4807

Елбасы Жоғарғы Сот төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады

Қ.Мәми Мемлекет басшысына соттардыӊ 2014 жылғы қызметініӊ қорытындылары туралы баяндады

Астана. 28 қаӊтар. Kazakhstan Today - Қ.Мәми Мемлекет басшысына соттардыӊ 2014 жылғы қызметініӊ қорытындылары туралы баяндады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазақстан Президенті бүгінде сот жүйесі алдында судьялардыӊ VI съезінде белгіленген жаӊа міндеттер тұрғанына назар аударды, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев республика соттары 2015 жылдан бастап азаматтардыӊ құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдігін нығайтуға бағытталған жаӊа қылмыстық заӊнама аясында жұмыс істеп жатқанына тоқталды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы сот төрелігін атқаруды одан әрі жақсарту, оған халықтыӊ қолжетімділігін қамтамасыз ету, Қазақстанныӊ судьялар корпусыныӊ кәсібилігін арттыру қажеттігін де айтты.

Қ.Мәми соттарға 1,2 миллионнан астам арыз және іс келіп түскенін мәлімдеді. Ол азаматтық істердіӊ саны шамамен 450 мыӊ болуы Қазақстан азаматтарыныӊ сот жүйесіне деген сенімі артқандығыныӊ айғағы екенін айтты.

Жоғарғы Сот төрағасы электрондық сот өндірісін енгізу жұмыстары жөнінде де баяндады. Сонымен қатар, сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті сегіз бағыт бойынша күшейту жөнінде кешенді шаралар қабылданды. Солардыӊ қатарында соттар қызметініӊ ашықтығын арттыру, инновациялық технологияларды енгізу, судьяларды іріктеу жұмыстарын күшейту, тұрақты әлеуметтік зерттеулермен қамту және басқа шаралар бар.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны