16.10.2015, 18:20 4164

Елбасы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеӊес отырысына қатысты

Іс-шараға Армения Республикасыныӊ Президенті С.Саргсян, Беларусь Республикасыныӊ Президенті А.Лукашенко, Қырғыз Республикасыныӊ Президенті А.Атамбаев, Ресей Федерациясыныӊ Президенті В.Путин қатысты

Бурабай. 16 Қазан. Kazakhstan Today - Іс-шараға Армения Республикасыныӊ Президенті С.Саргсян, Беларусь Республикасыныӊ Президенті А.Лукашенко, Қырғыз Республикасыныӊ Президенті А.Атамбаев, Ресей Федерациясыныӊ Президенті В.Путин қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Отырысты ашқан Нұрсұлтан Назарбаев келіссөздердіӊ жемісті болғанын, сондай-ақ қол қойылған құжаттардыӊ маӊыздылығын атап өтті. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметінен хабарлады.

Шара барысында тараптар ЕАЭО жұмысыныӊ қорытындысын шығарып, дамудыӊ жаӊа перспективаларын белгіледі. Одақ қызметініӊ мәселелері талқыланды, соныӊ ішінде Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы құрамыныӊ саны бекітіліп, оныӊ Жұмыс кестесіне өзгеріс енгізілді. Сонымен бірге ЕЭК-тіӊ келесі жылғы басшысыныӊ кандидатурасы келісілді. Жаӊа мүшелер қабылдау және ЕАЭО-дағы мүшелікті доғару тәртібі қабылданды.

Отырысқа қатысушылар ЕАЭО мен "Жібек жолы экономикалық белдеуі" жұмысын үйлестіру жөніндегі іс-қимылдарға арнайы тоқталды.

Мемлекеттер басшылары Одақтыӊ үшінші елдермен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл тәртібін талқылады. Мәселен, Израильмен еркін сауда аймағы туралы келісім жасауға қатысты келіссөздерді бастау туралы шешім қабылданды.

Еліміздіӊ ДСҰ-ға кіруіне байланысты негізгі жайттар Қазақстан тарапыныӊ бастамасымен қарастырылды.

Сонымен қатар қызмет көрсету секторларыныӊ тізбесі бекітілді, осыған орай ЕАЭО аясында қызмет көрсетудіӊ бірыӊғай нарығын қалыптастыру ырықтандыру жоспарына сәйкес жүргізілетін болады.

Соӊында шараға қатысушылар күн тәртібі мазмұнды, атқарылған жұмыс тиімді болғанын атап өтті.

Кеӊестіӊ келесі жоспарлы отырысы биылғы желтоқсанда Мәскеуде өтеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны