01.12.2012, 12:49 3029

Елбасы жұмыс сапарымен Қарағанды облысына келді

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан Президенті Теміртау қаласы әкімдігінің ғимаратында болып, әр жылдары өзімен бірге еңбек еткен серіктестерімен кездесті.

Астана. 1-қараша. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан Президенті Теміртау қаласы әкімдігінің ғимаратында болып, әр жылдары өзімен бірге еңбек еткен серіктестерімен кездесті.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қазақстанның Тұңғыш Президентінің мұражайында болып, экспозиция залдары мен мұражайдың қорын аралап көрді.

Қазақстанның Тұңғыш Президентінің мұражайы ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығында ашылды. Онда Тұңғыш Президенттің өмірі туралы бірегей материалдар жинақталған.

Мұражай залдары тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның жетістіктеріне арналған. Онда Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдік деңгейдегі саясаткер ретінде қалыптасу кезеңдерін бейнелейтін құжаттар мен фотосуреттер қойылған.

Мұражайды аралап болғаннан кейін Мемлекет басшысы өңірдің жұртшылық өкілдерімен кездесті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны