11.06.2009, 14:07 2988

Елбасы жұмыс сапарымен Қостанай облысына келді

Елбасы жұмыс сапарымен Қостанай облысына келді

Қостанай. 11 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев екі күндік жұмыс сапарымен Қостанай облысына келді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

Елбасы сапар аясында бірқатар жаңа нысандарды аралайды: Қостанайдың "Наурыз" жаңа ықшамауданындағы №13 ясли-балабақшасында болады, одан кейін Рудный қаласына аттанып, онда "Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі" акционерлік қоғамының металл-прокат зауытын және компанияның жылу-энергия орталығының қуаты 63 мегаваттық энергоблогын аралайды.

Ал ертең Нұрсұлтан Назарбаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің ХХІ жалпы отырысына қатысады.

Шетелдік инвесторлар кеңесінің алдағы мәжілісінде Қазақстан экономикасын баламалы қаржыландыру көздері жайлы талқыланады.

Ірі өндіріс және инвестициялық компаниялар және мемлекеттік орган басшылары қатысатын іс-шараның негізгі тақырыбы: "Илемдік қаржы нарығындағы ахуалдың өзгерісі жағдайында Қазақстан экономикасын баламалы қаржыландыру көздері" жайлы болмақ.

Шетелдік инвесторлар кеңесіне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысады деп күтілуде. Сондай-ақ, шараға қатысатынын Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Томас Миров растады. Ол елімізге маусымның 10-13-күндері келеді.

Айта кетейік, 1998 жылы Елбасы жарлығымен құрылған аталмыш Кеңес Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік инвесторлармен тікелей сұхбат алаңын қамтамасыз ететін консультативтік-кеңестік орган. Ол инвестициялық әрекеттерге байланысты туындаған мәселелерді шұғыл шешу жолдарын қарастырады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны