26.10.2006, 10:44 3195

Елбасы жұмыс сапарымен Оңтүстік Қазақстан облысында болды

ШЫМКЕНТ. 26 қазан. Kazakhstan Today. Президент Нұрсұлтан Назарбаев кеше жұмыс сапарымен Оңтүстік Қазақстан облысында болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кеше түстен кейін Н.Назарбаев Шымкентке ұшып келді. Елбасын әуежайда облыс әкімі Өмірзақ Шүкеев пен басқа да жапуапты лауазым иелері қарсы алды.

Президент "Отан"партиясының Оңтүстік Қазақстан облысындағы бөлімшесінде болды, сондай ақ әкімшілікте облыс активтерімен кеңес өткізді. Отырыс барысында Ө.Шүкеев Елбасын аймақтағы тоғыз айдың экономикалық әлеуметтік көрсеткіштерімен таныстырды. Одан кейін ВИЧ -індетіне шалдыққан балалардың жағдайына байланысты денсаулық сақтау министрі Анатолий Дерновой мен облыс прокуроры Марат Ахметжанов баяндама жасады.

Өз кезегінде Елбасы Н.Назарбаев өңірдің экономикалық әлеуметтік дамуы ойдағыдай екенін атап өтті. "Жалпы, облыстың экономикалық жағдайы жаман емес. Бірақ, денсаулық мәселесін ретке келтіру керек",-деді президент. "Мен осы мәселе бойынша көмек беруге дайынмын"-деп атап өтті Н.Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны