28.09.2010, 13:41 3998

Елбасы жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 28 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметініғ хабарлауынша, Мемлекет басшысы Тараз қаласына келгеннен кейін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы паркте болды. Осында Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысының ішкі істер департаментінің офицерлер құрамының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында Президентке жаңа техникалар таныстырылды.

Мемлекет басшысы сондай-ақ Тараз қаласының тұрғындарымен кездесті.

"Одан кейін Президент "Тараз ПОШ фабрикасы" ЖШС-де болып, жоғары сапалы иірілген жіп үшін бастапқы материал-топс өндірісімен танысты. Бұл өнімнің алғашқы үлгісі Еуропаға зертханалық сынаққа жіберілген еді, ондағы сарапшылар қазақстандық топстың барлық халықаралық стандарттарға сәйкестігін растады. Жобаның жалпы құны 1025 миллион теңгені құрайды. Фабриканың қуаттылығы жылына 786,2 тонна топсты - қой жүнін, 873,6 тонна иірілген жіпті, 109,2 тонна жүннің қалдығын, 408 тонна жуылған жүнді құрайды. Келесі жылы топс өндірісі жөніндегі өнімділіктің желісін екі есеге дейін ұлғайту жоспарланып отыр",- деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны