15.02.2017, 20:53 4446

Елбасы жұртшылық және зиялы қауым өкілдерімен, саяси қайраткерлермен кездесті

Елбасы жұртшылық және зиялы қауым өкілдерімен, саяси қайраткерлермен кездесті

Астана. 15 ақпан. Kazakhstan Today - Елбасы кеше жұртшылық және зиялы қауым өкілдерімен, саяси қайраткерлермен кездесті,- деп хабарлайды Ақорда.

Кездесуге М.Жолдасбеков, К.Сағадиев, Р.Шырдабаев, О.Ибдікәрімов, Б.Ізмұхамбетов, М.Қасымбеков қатысты.

Басқосу барысында конституциялық реформаларды талқылаумен, сондай-ақ ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы, денсаулық сақтау, ғылым және білім, шағын және орта бизнес салаларын жаӊғыртумен, жүргізіліп жатқан жекешелендірумен байланысты халық үшін маӊызды экономикалық, әлеуметтік, қоғамдық ауқымды мәселелер талқыланды.

Мемлекет басшысы тәуелсіздіктіӊ 25 жылында Қазақстан күрделі жол жүріп өткенін атап өтіп, республикамыздыӊ одан әрі дамуыныӊ негізгі бағыттарына қатысты өз ойын ортаға салды.

- Қазақстан танымал елге айналды, экономикамыз қарқынды дамып келеді. Енді "Қазақстанныӊ үшінші жаӊғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты жолдауда белгіленген мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін қол жеткен жетістіктерімізді пайдалана білу қажет, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтардыӊ алдында тұрған заманауи сын-қатерлерге назар аударды.

- Нарықтық қатынастар жолын таӊдаған қоғамымыздыӊ алдында орындалу тиімділігі елдіӊ одан әрі дамуына ықпал ететін түбегейлі жаӊа міндеттер тұр. Жаһандық экономика дәуірінде инновация күн тәртібіндегі басты мәселеге айналды. Индустриялық төӊкеріс бізді айналып өтпеуге тиіс. Біз экономикамызға инновациялық технологияларды енгізе білуіміз қажет, - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті бұл мақсаттыӊ жүзеге асырылуы тиісті қаржы жұмсауды қажет ететінін атап өтті.

- Егер инновациялық технологиялар әзірлеуге қаражат бөлмесек, онда бізге әлемдік жаӊа экономикалық құрылымныӊ ауқымынан тыс қалу қаупі төнуі мүмкін. Жаппай өндірісті дамыту үшін жаӊашылдықтар енгізу арқылы еӊбек өнімділігін арттырған жөн. Бұған кәсіпорындардыӊ, сондай-ақ елдіӊ жетекші жоғары оқу орындарыныӊ жанынан ғылыми-зерттеу институттары құрылып, оларға тиісті қолдау жасалғанда ғана қол жеткізу мүмкін болады. Мәселен, мұндай ғылыми-зерттеу институттарын "Алатау" инновациялық технологиялар паркініӊ, Назарбаев Университетініӊ жанынан құруға мүмкіндік бар, - деді Елбасы.

Кездесуге қатысушылар Мемлекет басшысы бастамашы болған, мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлуге бағытталған реформаларды толық қолдайтындарын білдірді. Бұл ретте еӊ алдымен Парламенттіӊ және Үкіметтіӊ өкілеттігін кеӊейтуге, оныӊ дербестігі мен жауапкершілігін күшейтуге бағытталған қадамдардыӊ дер кезінде жасалғаны, прогрессивтілігі атап өтілді.

Бұған қоса, кездесуге қатысушылар республикалық және жергілікті бюджет қаражатыныӊ жұмсалуына қоғамдық бақылау жасауға, салалық бағдарламалардыӊ орындалуына, жер реформасына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы орнықтырып, "мүлдем төзбеушілік" саясатын тиімді жүзеге асыруға, сондай-ақ Бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша Ұлт жоспарында белгіленген міндеттерді кезеӊ-кезеӊмен орындауға қатысты түйткілді мәселелерге тоқталды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны