31.01.2012, 15:48 6896

Елбасының ГФР жұмыс сапары барысында бірқатар экономикалық құжаттарға қол қойылады деп күтілуде

Қазақстан елшісі Нұрлан Оңжанов Берлинде ГФР вице-канцлері әрі Экономика және технологиялар жөніндегі федералды министр Филипп Реслермен кездесті.

Астана. 31-қаңтар. Kazakhstan Today - Елбасының ГФР жұмыс сапары барысында бірқатар экономикалық құжаттарға қол қойылады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Интерфакс Қазақстан ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан елшісі Нұрлан Оңжанов Берлинде ГФР вице-канцлері әрі Экономика және технологиялар жөніндегі федералды министр Филипп Реслермен кездесті.

"Кездесуде екі жақты экономикалық ынтымақтастық пен инвестициялық байланыстар жайы сөз болды. Вице-канцлер Қазақстанды Германияның ТМД мен Орталық Азиядағы маңызды экономикалық серіктесі деп атады. Мұны өзара сауда айналымы да растайды деді ол", - деп сейсенбі күні еліміз СІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

СІМ ақпарына қарағанда, Ф.Реслер Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Германияға сапары барысында бірқатар экономикалық құжаттарға қол қойылатынын хабарлады. Ақпан айына жоспарланған бұл сапар Астана мен Берлин арасындағы қарым-қатынасты нығайта түспек, деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны