26.03.2015, 15:29 3910

Елбасыныӊ Қазақстан халқына "Нұрлы жол - болашаққа бастар жол" атты Жолдауыныӊ шеӊберінде жүргізілген жұмыстыӊ нәтижесінде Ұлттық қор есебінен 2015-2017 жылдарға жалпы сомасы 61,9 млрд. тг.

Астана. 26 наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Президентініӊ жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасыныӊ білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиев және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаментініӊ директоры Жаӊыл Жонтаеваныӊ қатысуымен "Нұрлы жол" бағдарламасын іске асыру шеӊберінде мектепке дейінгі және орта білім беруді дамыту" тақырыбында брифинг өткізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, Ұлттық қор қаражаты есебінен апатты және үш ауысымды мектептердіӊ орнына құрылыс салуға қажеттілігі бар мектептердіӊ саны анықталды.

Елбасыныӊ Қазақстан халқына "Нұрлы жол - болашаққа бастар жол" атты Жолдауыныӊ шеӊберінде жүргізілген жұмыстыӊ нәтижесінде Ұлттық қор есебінен 2015-2017 жылдарға жалпы сомасы 61,9 млрд. тг.:

2015 ж. - 14,3 млрд.тг.,
2016 ж. - 23,09 млрд.тг.,
2017 ж. - 24,5 млрд.тг.

73 мектептіӊ құрылысы жоспарланды.

Сонымен, үш ауысымды сабақтарды жою үшін Ұлттық қордан 57 мектеп, апатты мектептердіӊ орнына 16 мектеп салу қарастырылды.

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту

Республикада 8467 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, оларға 727,4 мыӊ бала барады, Оныӊ ішінде 3832 балабақша (541,5 мыӊ бала) және 4635 шағын орталық (185,8 мыӊ бала) бар. Балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту 78,6%-ды құрайды.

Республиканыӊ 6 өӊірінде - Алматы (62,9%), Маӊғыстау (68,1%), Оӊтүстік Қазақстан (72,4%), Жамбыл (70,9%) облыстарында және Алматы (64,7%), Астана (63,1%) қалаларында балаларды мектепке дейінгі орындармен қамту республикалық деӊгейден төмен, оларда 2020 жылға қарай 100% нысаналы көрсеткішіне қол жеткізбеу қаупі бар.

Осыған байланысты жоғарыда көрсетілген өӊірлердіӊ Маӊғыстау облысынан (2 балабақша) басқа әрқайсысында Ұлттық қор қаражаты есебінен жалпы сомасы 15,39 млрд.тг. 3 балабақшадан, басқа өӊірлерде 1 балабақшадан:

- 2015 жылы - 17 балабақшаныӊ құрылысын бастау;
- 2016 жылы - 2 жаӊа балабақша құрылысы;
- 2017 жылы - 8 жаӊа балабақшаныӊ құрылысы қарастырылды.

Жалпы алғанда, осы шаралар 2018 жылға қарай үш ауысымды және апатты мектептерді жоюға және мектепке дейінгі ұйымдарда орын тапшылығы мәселесін түбегейлі шешуге мүмкіндік береді.

ҚР БҒМ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны