24.02.2015, 14:31 4101

Елбасыныӊ кезектен тыс Президент сайлауын тағайындау туралы шешім қабылдауына айрықша құқығы бар - ҚР Конституциялық Кеӊесі

Бұл туралы ҚР Конституциялық Кеӊесініӊ баспасөз қызметі хабарлады

Астана. 24 ақпан. Kazakhstan Today - 2015 жылғы 24 ақпанда Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеӊесі Республика Парламентініӊ Сенаты Төрағасыныӊ Қазақстан Республикасы Конституциясыныӊ Қазақстан Республикасы Президентініӊ кезектен тыс сайлауын тағайындау мәселелерін реттейтін 41-бабыныӊ 3-1-тармағына ресми түсіндірме беру туралы өтініші бойынша нормативтік қаулы қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл туралы ҚР Конституциялық Кеӊесініӊ баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды inform.kz тілшісі

"Конституциялық Кеӊес, Қазақстан Республикасы Конституциясыныӊ 41-бабы 3-1-тармағыныӊ нормасын, Қазақстан Республикасы Президентініӊ Президенттіӊ кезектен тыс сайлауын жеке-дара тағайындауға айрықша құқығы бар деп түсінген жөн. Елбасыныӊ Президенттіӊ кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы шешім қабылдауына Республика Конституциясы қандай да бір шарттар мен шектеулер қарастырмайды. Мұндай сайлау тағайындау туралы шешім қабылдағанда Қазақстан Республикасы Конституциясыныӊ 41-бабыныӊ 3-тармағында қарастырылған, Қазақстан Президентініӊ сайлауы мерзімі жағынан Республика Парламентініӊ жаӊа құрамын сайлаумен тұспа-тұс келмеуге тиіс деген ереже ескерілуі керек", деп түсіндірді", делінген хабарламада.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны