11.03.2011, 18:10 4826

Елбасының ОҚО жұмыс сапары жалғасуда

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары жалғасуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 11 - наурыз. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары жалғасуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, президент Түркістан қаласына келгеннен кейін ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұрасының нысанасы болып табылатын Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде болып қайтқан.

Одан кейін Мемлекет басшысы Түркістан қаласындағы жаңа тарихи-мәдени этнографиялық орталықты аралап көрді. Орталық қазақ халқының мәдени тарихын насихаттауға, шетелдік туристерге қазақтардың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын таныстыруға арналған. Президент сондай-ақ қоғам өкілдерімен кездесті. Өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан Қазақстанның рухани орталығы, еліміздің ұлттық рәміздерінің бірі болып табылатынын атап өтті.

Журналистерге арналған брифинг барысында Президент Оңтүстік Қазақстан облысы белсенді дамып келе жатқанына тоқталып өтті. Экономика министрлігінің бағалауы бойынша, 2020 жылға дейін ең жоғары өсімге Оңтүстік Қазақстан облысы қол жеткізетіні болжанып отыр. Биылғы жылы мұнда инвестиция көлемі 67 млрд. теңгенің тағы алты инновациялық кәсіпорын іске қосылатын болады. Бұл мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар, облыстағы өнеркәсіп секторында ауыл шаруашылығы, әлеуметтік сала үйлесімді дамуда, адамдардың әл-ауқаты артуда.

"Мен жаңа маңызды іс - IPO халықтық бағдарламасы туралы бастама көтердім. Ол бәрінен бұрын, қарапайым қазақстандықтардың игілігіне бағытталған. Ир адам Қазақстанның перспективасы бар ірі кәсіпорнының акционері болу мүмкіндігіне ие болып, келешекте табыстан өз үлесін алады. Мұндай әлеуметтік әділеттілік шарасы халықтың әл-ауқаты деңгейін теңестіру үшін маңызды. Бүгінде біздің қоғамда болашақ даму стратегиясы бар. Бізді біріктіретін басты идея осы болып табылады. Мемлекеттің жоспары барша қазақстандықтардың жоспарына сәйкес келеді. Экономиканың артуымен бірге халықтың да әл-ауқаты арта түседі. Мұның барлығы еліміздің азаматтары үшін жасалып отыр. Оңтүстік Қазақстан облысына жасаған сапарымның қорытындысы бойынша, өңірдің экономикасы нығая түскенін, азаматтардың әл-ауқаты артқанын айқын айта аламын", - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны