06.09.2010, 13:23 4075

Елбасының ШҚО жұмыс сапары жалғасуда

Кеше мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді , деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 6 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Кеше мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді , деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Өскеменге келген Президент қаланың орталық алаңында ішкі істер органдарының өкілдерімен кездесті және жаңартылған облыстың ІІД автопаркімен танысып шықты.

Келесі кезекте Мемлекет басшысы аралаған нысан "Балапан" мектепке дейінгі тәрбие орталығы болды. Орталық ең жаңа талаптарға жауап беретін түпнұсқа жоба бойынша салынған. Балабақша бір жастан алты жасқа дейінгі балаларға арналып 280 орынға есептелінген. Оның аумағында 12 ойын алаңы, шағын сәулеткерлік түрдегі жасыл желек орналасқан. Балабақшаның ғимаратында заманауи су тазалау жүйесі бар бассейн, жаңа технология мен экологиялық таза материалдардан тұрғызылған жаттығу және музыкалық залдары орныққан. "Балапан" мектепке дейінгі тәрбие орталығы Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі мен "Қазцинк" ЖШС арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық меморандумына сәйкес бизнестегі әлеуметтік жауапкершілік және мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында салынып отыр. Жобалық құны 960 миллионнан астам теңгені құрайды.

"Одан кейін Президент Жібек Жолы көшесінің бойындағы экологиялық парктің аумағында орналасқан Теннис орталығында болды. Орталық төрт жабық теннис корты бар және 200 көрерменге арналған трибунасы, оған жалғастырыла салынған әкімшілік-тұрмыстық корпусы мен екі ашық теннис алаңы бар негізгі ғимараттан тұрады. Құрылысты салу кезінде теннис корты үшін олимпиадалық нысандарда қолданылатын әлемдегі ең жақсы материал пайдаланылған",- деп хабарлайды баспасөз қызметінен.

Мемлекет басшысының ШҚО жұмыс сапарының бағдарламасы ертең жалғасады. Сол күндері сондай-ақ Өскемен қаласында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының "Орнықты даму және жоғары технология" атты VII аймақаралық ынтымақтастық Форумы өтеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны