27.11.2012, 17:35 3150

Елбасының тапсырмаларын орындау аясында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов жұмыс кеңесін өткізді

Орталық атқарушы органдардың жетекшілері, облыстар мен Алматы және Астана қалаларының әкімдері, ұлттық компаниялардың басшылары қатысқан бұл кеңесте ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы мен Индустрияландыру картасы жобаларының іске асырылу мәселелері талқыланды.

Астана. 27-қараша. Kazakhstan Today - Елбасының тапсырмаларын орындау аясында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов жұмыс кеңесін өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Орталық атқарушы органдардың жетекшілері, облыстар мен Алматы және Астана қалаларының әкімдері, ұлттық компаниялардың басшылары қатысқан бұл кеңесте ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы мен Индустрияландыру картасы жобаларының іске асырылу мәселелері талқыланды.

Елбасының тапсырмаларын орындау аясында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов жұмыс кеңесін өткізді. Орталық атқарушы органдардың жетекшілері, облыстар мен Алматы және Астана қалаларының әкімдері, ұлттық компаниялардың басшылары қатысқан бұл кеңесте ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы мен Индустрияландыру картасы жобаларының іске асырылу мәселелері талқыланды.

Атап айтқанда, Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының өткен екі жарым жылдағы іске асырылу қорытындысы, оның ішінде негізгі нысанды индикаторлардың орындалу жағдайы қаралды.

Үкімет басшысының орынбасары - индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешев баяндама жасады.

"2011 жылдың қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнім 27,6 трлн. теңгені құрап, 2008 жылмен салыстырғанда 11,5 трлн. теңгеге ұлғайды, нақты өсім 16,7% құрады. Ағымдағы жылдың 10 айында өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексінің ең жоғары өсімі машина жасау (12,3%) және жеңіл өнеркәсіп салаларында(7,4%) тіркелді, ал өнеркәсіптік өндірістің көлемі 12,1 трлн. теңгені құрады. 2010-2012 жылдары Индустрияландыру картасының аясында іске қосылған жобалардың бұл көрсеткішке қосқан үлестері зор", - деп хабарлады И.Исекешев.

Вице-премьер өз сөзінде сондай-ақ, тікелей шетелдік инвестициялардың өсу динамикасына да тоқталды. "ҮИИД бағдарламасы іске асырыла бастағаннан бері 5,7 млрд. доллардан астам инвестиция тартылған. Алғаш рет, 2009 жылдан бастап, фармацевтика өндірісіне, сондай-ақ компьютерлер, электрондық және оптикалық өнімдер өндірісіне инвестициялар тартыла бастаған. Осылайша, ҮИИД бағдарламасы қолға алынған жылдары инвестициялық ағымдар біртіндеп әптараптана бастады", - деп атап көрсетті И.Исекешев өз сөзінде.

Премьер-Министрдің орынбасарлары, бірқатар министрлер және облыстардың әкімдері ҮИИД бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы есеп берді.

Премьер-Министр өз кезегінде, Бағдарламаны моноқалаларда да іске асыру қажеттілігіне тоқталып өтті. "Бағдарлама аясында әрбір моноқала жылдық бюджет ала алады. Моноқалалардың экономикасын әртараптандыру үшін, жүйеқұрушы кәсіпорындардың төңірегінде, оның ішінде ҮИИД бағдарламасының аясында құрылған кәсіпорындардың төңірегінде шағын және орта бизнестер құру үшін осылай етіліп отыр", - деп атап көрсетті Серік Ахметов өз сөзінде.

Кеңесті өз сөзімен қорытындылаған Үкімет басшысы, "ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы мен Индустрияландыру картасының жобаларын жүзеге асыру барысында қабылданған шешімдердің толыққандылығын және нәтижелігін қамтамасыз ету үшін Елбасы алға қойып отырған міндеттерді орындаудың қажеттілігіне" тоқталды.

Премьер-Министр сонымен бірге, Карта аясында 2012 жылға жоспарланған жобаларды аяқтауға және іске қосылған нысандарды жоспарлы жобалық қуатына шығаруға қатысты нақты тапсырмалар берді.

"Жалпы алғанда, еліміздің өткен 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері оң динамикаға ие. Дегенмен, жалпы ішкі өнімнің 2012 жылға жоспарланған деңгейіне қол жеткізу үшін өңірлердегі экономикалық өсудің индикативтік көрсеткіштерін қамтамасыз ету керек", - деп тоқталды С.Ахметов.

Үкімет басшысы сондай-ақ, Астананы "ЭКСПО-2017" көрмесіне дайындау мәселесіне де тоқталды. "Алдымызда көрмені жоғары деңгейде өткізу міндеті тұр. Жақын арада біз "ЭКСПО-2017" көрмесіне дайындық жүргізетін комиссияның бірінші отырысын өткіземіз", - деп хабарлады С.Ахметов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны