07.05.2012, 14:12 3495

Елбасының Жарлығымен Отан қорғаушы күнінде 101 адам марапатталады

"Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қорғаныс және Төтенше жағдайлар министрліктерінің, Президенттің Күзет қызметі, Республикалық ұлан, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің ұсыныстары бойынша барлығы 101 адам награтталды".

Астана. 7-мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін Отан қорғаушы күні аясында еліміз бойынша 101 адам Мемлекеттік наградалармен марапатталады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қорғаныс және Төтенше жағдайлар министрліктерінің, Президенттің Күзет қызметі, Республикалық ұлан, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің ұсыныстары бойынша барлығы 101 адам награтталды".

Олардың ішінде І дәрежелі "Даңқ" орденімен - 3 адам, ІІ дәрежелі "Даңқ" орденімен - 5, І дәрежелі "Айбын" орденімен - 2, ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен - 25, ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен - 7, "Құрмет" орденімен - 9, "Ерлігі үшін" медалімен - 8, "Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен - 31, "Ерен еңбегі үшін" медалімен - 9, "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағымен - 2 адам атап өтілді.

Айта кетейік, Отан құрғаушы күні қарсаңында Елбасының Жарлығымен елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосқан бір топ әскери қызметші, құқық қорғау органдары мен ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері Қазақстанның Мемлекеттік наградаларымен марапатталады.

Мемлекеттік наградаларға ие болғандардың арасында, сондай-ақ адам өмірін сақтап қалуға байланысты қиын-қыстау жағдайларда ержүректік пен жанқиярлық көрсеткен Төтенше жағдайлар министрлігнің қызметкерлері де бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны