26.04.2012, 14:14 3524

Елбасының жарлықтарымен бірқатар елшілер тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен: Зауытбек Қауысбекұлы Тұрысбеков Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.

Астана. 26-сәуір. Kazakhstan Today - Елбасының жарлықтарымен бірқатар елшілер тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысының Жарлықтарымен: Зауытбек Қауысбекұлы Тұрысбеков Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.

Сондай-ақ, Ғалым Ізбасарұлы Оразбақов Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Кипр Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылса, Болат Қабдылхамитұлы Нұрғалиев Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.

Сонымен қатар, мемлекет басшысының Өкімімен Асхат Наурызбайұлы Рыспаев Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы қызметіне тағайындалды.

Мемлекет басшысының Өкімімен Николай Мәмбетұлы Қуатов Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы қызметінен босатылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны