29.05.2019, 23:36 15630

Елбасы Армения Республикасының Премьер-Министрі Никол Пашинянмен кездесті

- Қазақстан мен Армения арасында әрдайым жақсы қарым-қатынас болды. Қазақстандағы армян диаспорасы елдеріміздің қарым-қатынасына дәнекер болып отыр, - деді Елбасы.

Нұр-Сұлтан. 29 мамыр. Kazakhstan Today -Елбасы Армения Республикасының Премьер-Министрі Никол Пашинянмен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының Баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев мәртебелі мейманға қошемет білдіріп, екі жақты сауда-экономикалық қатынастарды дамытудың және нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

- Қазақстан мен Армения арасында әрдайым жақсы қарым-қатынас болды. Қазақстандағы армян диаспорасы елдеріміздің қарым-қатынасына дәнекер болып отыр, - деді Елбасы.

Никол Пашинян Қазақстанның Тұңғыш Президентінің мемлекетаралық байланыстарды және құрлықтағы интеграциялық үдерістерді дамыту ісіне ерекше үлес қосқанын атап өтті.

Арменияның Премьер-Министрі екі жақты экономикалық ынтымақтастықтың одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

- Экономика саласында жұмыс істеуге мүмкіндігіміз бар деп ойлаймын. Ең бастысы, екі ел үкіметтерінде қарым-қатынасымызды дамытуға деген саяси ерік-жігер бар. Біздің халықтарымыз тарихи тұрғыдан өзара байланысқан, - деді Н.Пашинян.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны