18.06.2015, 12:47 3384

Елдіӊ туризм саласына 2014 жылы 125 млн инвестиция тартылды - ҚР түріктер қоғамдастығы

2014 жылы 125 млн теӊгеніӊ инвестициясы тартылды, деді ОКҚ брифингінде ҚХА кеӊесініӊ мүшесі, "Ахыска" Қазақстанныӊ түріктер қоғамдастығы" ұйымыныӊ төрағасы Зиятдин Касанов

Астана. 18 Маусым. Kazakhstan Today - 2014 жылы 125 млн теӊгеніӊ инвестициясы тартылды, деді ОКҚ брифингінде ҚХА кеӊесініӊ мүшесі, "Ахыска" Қазақстанныӊ түріктер қоғамдастығы" ұйымыныӊ төрағасы Зиятдин Касанов, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Этномәдени орталықтыӊ басты мақсаты - келісім мен қоғамдық бейбітшілікті сақтау. Қазақстан экономикалық кеӊістікте нәтижеге ие. Республикалық түрік орталығы біздіӊ елдіӊ әлеуметтік бағдарламасына үлес қосуға ниетті. Түрік Республикасымен жақсы қарым-қатынас орната отырып жұмыс жүргізілуде, 2011 жылы үкіметпен келісе отырып, біз Талғар қаласында қазақ-түрік лицейін аштық. Жобаныӊ жалпы құны 10 млн доллар. Мектеп 500 адамды қамтиды, 350-і жатақханада тұрады. Олар қазақ, түрік, ағылшын және орыс тілдерінде оқиды", - деді З.Касанов, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Сондай-ақ, ол атап өткендей, Қазақстанда 18 спорт залы мен бірқатар мешіттер салынған.

"Біз ҚР Президенті айтқан бағдарламаларға қатысамыз.Тек қана 2014 жылы туризм саласына 125 млн доллар тартылды. Елде болып жатқан оқиғаларға белсенді қатысудамыз. Мәселен, Қызылағаш ауылында спорт залы мен монша-жуу комбинаты ашылды", - деді ол.

Оныӊ айтуынша, түрік этномәдени орталығы мемлекеттік тілді енгізу бойынша жұмыстар жүргізуде.

"Біз мемлекеттік тілді меӊгеру бойынша олимпиадалар өткіземіз. Онда барлық этномәдени бірлестік өкілдері қатысады. Өткен жылы грек қызы 1-ші орын алды", - деді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны