29.01.2010, 15:48 3074

Елдің жоғары оқу орындары әлемнің жетекші университеттері рейтингіне енуге талпынуы қажет - Қазақстан президенті

Елдің жоғары оқу орындары әлемнің жетекші университеттері рейтингіне енуге талпынуы қажет - Қазақстан президенті

Астана. 29 қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстанның жоғары оқу орындары әлемнің жетекші университеттері рейтингіне енуге талпынуы қажет. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Қазақстан халқына арналған дәстүрлі жолдауында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Жоғарғы білімнің сапасы ең жоғарғы халықаралық талаптарға сай келуге тиіс. Елдің жоғары оқу орындары әлемнің жетекші университеттері рейтингіне енуге талпынуы қажет", - деді президент.

"2015 жылы ұлттық инновациялық жүйе толыққанды жұмыс істеп, 2020 жылы ол тың жаңалықтар, патенттер, елімізде қолданысқа енгізілген дайын технологиялар түрінде нетижесін беруге тиіс. Білім беру саласында Астанада салынып жатқан бірегей оқу орны секілді жобаларға айрықша басымдық беріледі", - деді ол.

Президент Қазақстанда жуырда "жаңа халықаралық университеттің жұмысы басталатынын, ол осы жылдың шілде айында алғашқы 700 адамды дайындық дәрістерінде оқыту үшін өз есігін ашатынын" еске салды.

Сондай-ақ, мемлекет басшысының айтуынша, елімізде "танымал ғалымдарды тарту үшін және осы университет үшін балаларды дайындайтын, қазір Астанада, Көкшетау мен Семейде табысты жұмыс істеп жатқан интеллектуалдық мектептерді құру, оқытушы-мұғалімдер үшін арнаулы жағдайлар жасау мақсатында арнаулы қор құрылуда".

"Мен осы мектептерге президенттің аты берілуіне келістім. Енді олар отандық білім беру жүйесінің жалау ұстаушыларына айналуы үшін, қазіргі заманғы озық оқу бағдарламалары жасалып, олар кейін бүкіл республика көлеміне енгізілетін басты алаңдарға айналуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасау керек", - деді президент.

"Бұл оқу орындарының толыққанды жұмыс істеуі үшін үкіметке ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында тиісті заң жобасын жасап парламентке енгізуді тапсырамын", - деді Н. Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны