16.03.2007, 11:08 3773

"Электронды үкімет" веб-порталында тәжірибе жүзінде "Азаматтардың арыз-шағымын қабылдау" атты қызмет түрі енгізілді

АСТАНА. 16-наурыз. Kazakhstan Today. "Электронды үкімет" веб-порталында тәжірибе жүзінде "Азаматтардың арыз-шағымын қабылдау" атты қызмет түрі енгізілді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бұл қызмет Қазақстан азаматтарына мемлекеттік мекемелерге өз арыз-шағымдарын жіберу мүмкіндігін беріп, алушы тарапынан жауап берілетіндігін кепілдендіреді. Сонымен бірге жаңалық өтініштің мәртебесін қадағалап отыруға ("мемлекеттік мекемеге жеткізілді", "атқаруға жолданды", "орындалды" т.б) мүмкіндік береді.

Бұл қызметтің көмегімен электронды құжат айналымының біртұтас жүйесі орнатылған мемлекеттік мекемелерге ғана өтініштер жолдауға болады, деп хабарлайды агенттік.

Қазіргі жағдаймен еліміздің азаматтары әділет, денсаулық сақтау, ішкі істер, индустрия және сауда министрліктеріне өз арыз-шағымдарын жолдай алады. 2007-жылдың аяғына дейін тілшісіне ҚР ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі еліміздің барлық орталық мемлекеттік мекемелері осы сервиске қосуды жоспарлап отыр.

Өтініштерді еліміздің мемлекеттік мекемелеріне жіберуде азаматтар енгізген жеке басқа қатысты мәліметтер пайдаланылатындықтан, олардың ақиқаттығы үшін жауапкершілік азаматтардың өзіне жүктеледі, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Агенттік ақпаратына сәйкес, өтінішті портал арқылы жіберу үшін идентификация және аутентификация процедураларынан өту керек. Порталда аутентитфикациядан өтудің емі тәсілі бар - аты-жөнімен және арнайы парольмен. Алайда, агенттіктің хабарлауынша, бұл ойдағыдай аутентификациялық амал болып табылмайды.

Идентификация және аутентификация процедураларының тағы бір амалы - ҚР Ұлттық куәландыру орталығы беретін сандық сертификат болып табылады. Аталмыш аутентификация түрі тұтынушы үшін ең қолайлы әрі қауіпсізі болып табылады. Бұл ретте тұтынушы тарапынан пароль пайдаланып, түрлі белгілерді жаттаудан босатып, қаскүнемдер тарапынан кілт сөзді тауып алу мүмкіндігіне жол берілмейді.

"Азаматтардың арыз-шағымын қабылдау" атты қызмет түрін электронды сандық қол қою арқылы пайдалануға болады.

Сөйтіп, Қазақстан азаматына өз жұмыс орнында отырып-ақ ҚР Ұлттық куәландыру орталығы беретін сандық сертификат болған жағдайда мемлекеттік билік органдарына өтініш беруге немесе сауал жолдауға қолайлы мүмкіндік жасалып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны