22.05.2012, 13:21 2989

Электронды үкіметті дамытуда ұялы телефондардың мүмкіндігі 100% пайдаланылуы тиіс

"Электронды үкіметті дамыту туралы сөз қозғайтын болсақ, қолданушының ұялы сегментін пайдалану қажет. Бұл - электронды үкімет дамытуға үлкен мүмкіндік. Осы мәселе төңірегінде біз, Көлік және коммуникация министрлігі "Зерде" ұлттық холдингімен, жеке бизнеспен бірлесе нақты мобильдік шешім жүргізетін боламыз", - деді А.Жұмағалиев.

Астана. 22-мамыр. Kazakhstan Today - Электронды үкіметті дамыту мәселесінде ұялы телефондар мүмкіндігі 100% пайдаланылуы тиіс, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы "Connect Kazakhstan-2012" көрме-конференциясы барысында ҚР Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев мәлімдеді.

"Электронды үкіметті дамыту туралы сөз қозғайтын болсақ, қолданушының ұялы сегментін пайдалану қажет. Бұл - электронды үкімет дамытуға үлкен мүмкіндік. Осы мәселе төңірегінде біз, Көлік және коммуникация министрлігі "Зерде" ұлттық холдингімен, жеке бизнеспен бірлесе нақты мобильдік шешім жүргізетін боламыз", - деді А.Жұмағалиев.

Көлік және коммуникация министрі сонымен қатар электронды үкіметтің бүгінде кеңінен қолданылатынын және 11 млн интерактивті анықтама алынғандығын айтып өтті. Қолданушылар санының артып келе жатқандығын, әрі азаматтардың басым бөлігі е-үкімет қызметіне жүгінетіндігін ескеру қажеттігін тілге тиек етті.

"Тіпті, осы жерде отырғандардың әрқайсысының кем дегенде бір ұялы телефоны бар, ал көпшілігіміздің 2-3 телефонымыз бар. Мобильдік ену көрсеткіші - 140% . Бүгінде телефондар саны халық санынан артып кетіп отыр", - деген А.Жұмағалиев осы ретте электронды үкіметтің дамуында ұялы телефондар мүмкіншілігі барынша пайдаланылуы тиіс екендігін айтты.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін 21 мамыр күні, Астана қаласында VАстана экономикалық форумының шеңберінде ҚР Көлік және коммуникация министрлігі мен "Зерде" ұлттық инфрокоммуникациялық холдингі" АҚ қолдауымен АКТ даму қоры ұйымдастырып отырған "Connect Kazakhstan-2012" көрме-конференциясы өз жұмысын бастаған болатын. Іс-шараға қатысушылар қатарында АҚШ, Канада, Ресей Федерациясы, Финляндия, Нидерланды, Эстония және Украина ІТ-қауымдастықтары өкілдері бар. Оның аясында "Connect Ideas" және "Connect Digital" конференциялары, "Connect EXPO" көрмесі өтеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны