25.12.2006, 13:59 3495

"Электрондық қаржы министрлігі туралы" заң жобасы жуырда парламентке түспек - Қаржы министрлігінің басшысы

АСТАНА. 25-желтоқсан. Kazakhstan Today. "Электрондық қаржы министрлігі туралы" заң жобасы жуырда парламентке түспек, деп хабарлады ҚР қаржы министрлігінің басшысы Н. Коржова.

"Заң жобасы кешікпей парламентке ұсынылады деп үміттенем",- деді дүйсенбі күні мәжілісте өткен үкімет сағатында сөз алған Н. Коржова.

Министр қазіргі уақытта қаржы министрлігінің 506 функция атқарып отырғанын атап өтті, оның 82-і стратегиялық, 39-ы жүзеге асыру , 105-і бақылау-қадағалау функциялары болып табылады. "Стратегиялық функциялар министрлікке, ал жүзеге асыру және бақылау-қадағалау функциялары комитеттерге бекітілуі тиіс", - деп санайды ол.

Қазіргі уақытта "аумақтық бөлімшелерде біртектес қосымша функциялардың қайталанатыны белгілі болды", - деп хабарлады Н. Коржова. "Осының бәрі бір "торапқа" жинақталады, бұл қаржы министрлігін нақты белгіленген өкілеттілік аясы құрылымға айналдыруғм мүмкіндік туғызады. Бұл парламент осы заңды қабылдағаннан кейін ғана мүмкін болмақ", - деді министр.

"Ақпараттық технологияны әкімшілік аппаратты қайта құрумен байланыстыру тиімділігі жоғары орган құруға мүмкіндік береді", - деп санайды Н. Коржова.

"Біз дұрыс құрылым жасай отырып, министрліктің орталық аппараты мен оның органдарын жергілікті жерде нақты басқаруға қол жеткіземіз деп санаймыз. Және де органдар жергілікті жерде отырып, тек басқару органдарына ғана емес, сонымен қатар шаруашылық субъектілері үшін, жеке және заңды тұлғалар үшін ашық жұмыс істеуге мүмкіндік беретін функциялар атқаратын болады", деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны