28.02.2012, 11:46 4472

Е-лицензиялау жүйесі 2012 жылы 100 пайызға енгізіледі

"Барлық лицензияларды электрондық форматқа ауыстыру жөніндегі Елбасының тапсырмасын орындауға барлық мүмкіндігіміз бар",- деп атап көрсетті министр өз сөзінде.

Астана. 28-ақпан. Kazakhstan Today - Е-лицензиялау жүйесі 2012 жылы 100 пайызға енгізіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев мәлім етті.

2011 жылы е-лицензиялау жүйесі 80 пайызға - 180 ведомстволық бөлімнің 140-ында енгізілді. Бүгінгі таңда 3370 электрондық лицензия берілді, бұл 20 пайыз көрсеткіш.

"Барлық лицензияларды электрондық форматқа ауыстыру жөніндегі Елбасының тапсырмасын орындауға барлық мүмкіндігіміз бар",- деп атап көрсетті министр өз сөзінде.

2012 жылы электрондық лицензиялау жүйесін енгізуді толық аяқтау жоспарланып отыр. Енгізу процесі аяқталғаннан кейін барлық уәкілетті лицензиарларда қызметтің 125 түрі автоматтандырылады.

Министр сондай-ақ, алдағы кезеңде мемлекеттік органдарды регламенттерді нормативтік өзгерту бойынша үлкен жұмыстар күтіп тұрғанын айтып өтті.

Сонымен бірге министр, рұқсатнама амалдарын автоматтандыру жұмысын е-лицензиялаудың ақпараттық жүйесінің базасында жүргізу жоспарланып отырғанын атап өтті. "Барлық рұқсатнама амалдарын біртіндеп автоматтандыру жұмысын электрондық лицензиялаудың ақпараттық жүйесінің базасында іске асыру жоспарлануда",- деді А.Жұмағалиев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны