10.06.2009, 17:26 2880

Елімізде 9 маусымда бір тәулікте 301 қылмыс жасалды

Елімізде 9 маусымда бір тәулікте 301 қылмыс жасалды

Астана. 10 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Тәулік ішінде республика бойынша 301 қылмыс жасалды, оның ішінде кезекші тәулік ішінде 253 қылмыс ашылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жедел басқару орталығына сілтеме жасап.

Орталық ақпаратына сәйкес, 7 кісі өлтіру (ашылғаны 5), 18 тонау (ашылғаны 14), 141 ұрлық (ашылғаны 103), 35 есірткі қылмысы жасалды.

226 оқиға, оның ішінде 34 жол апатында 4 адам қаза болды, 40 адам жарақаттанды, 22 өрт тіркелді.

ІІМ хабарлауынша, 8 маусымда сағат 20.20-да Жамбыл облысы Қордай ауданы Красный партизан ауылының шетінде полиция қызметкерлері 1974 жылы туған "Ю" деген Қырғызстан Республикасының азаматын ұстады, одан 1 Қырғызстан 250 грамм героин тәркіленді.

Бұрын жасалған қылмыстарды ашу бойынша, Талдықорған қаласында полиция қызметкерлері кісі өлтіргені үшін тұтқындалған 1991 жылғы құрдастар "Р", "И", және "А" есімді жасөспірімдерді құрықтады, олар ерлі-зайыпты зейнеткерлерді қасақана өлтірген, олардың мүрделері пышақ жарақатымен Сарқанд қаласында үйде табылған.

Ал Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында полиция қызметкерлері 1979 жылғы "Б" деген жұмыс істемейтін аталған қаланың тұрғынын ұстады, ол төбелес кезінде "М" деген азаматты өлтірген, 8 маусымда әлгі адамның мүрдесі бас сүйегі-ми жарақатымен жалға алынған үйде табылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны