17.08.2026, 10:36 16936

Елімізде қалдықтарды басқаруды цифрландырып, қайта өңдеуді қолдау тетіктері қарастырылуда

Елімізде қалдықтарды басқаруды цифрландырып, қайта өңдеуді қолдау тетіктері қарастырылуда
Қазақстанда қалдықтарды басқарудың жаңа жүйесін қалыптастырылуда, деп хабарлайды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметінен.

"Жасыл даму" АҚ жаңа жүйе саланы басқаруды орталықтандыруды, процестерді цифрландыруды, қалдықтар нарығын дамытуды және қайта өңдеуді қолдау тетіктерін енгізуді көздейді.


"Жаңа жүйенің маңызды бағыттарының бірі - саланы цифрландыру. Қоғам қалдықтардың түзілуінен бастап қайта өңделуіне дейінгі барлық кезеңде олардың қозғалысын қадағалауға мүмкіндік беретін цифрлық платформаны енгізу мәселесін пысықтауда",- деп айтылған хабарламада.


Платформа аясында қалдық түзушілердің цифрлық паспорттарын, қалдықтардың қозғалысын жоспарлау және мониторингтеу құралдарын, сондай-ақ қалдықтарды басқару инфрақұрылымы нысандарының бірыңғай дерекқорын біріктіру жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, қалдықтар нарығын қалыптастыру жұмыстары жүргізілуде. Қалдықтармен электрондық сауда жасау құралдарын енгізу және қайта өңдеу саласында жұмыс істейтін бизнесті экономикалық ынталандыру тетіктерін дамыту көзделген.

Министрлік жұмыстың тағы бір бағыты - ауылдық жерлердегі қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру екендігін баса айтты. Қажетті инфрақұрылымды дамытуды, сондай-ақ қалдықтарды шығаруды жоспарлау мен ұйымдастырудың заманауи тетіктерін қамтитын ҚТҚ-ны басқарудың цифрлық моделін енгізу жоспарланып отыр.

Өнеркәсіптік қалдықтар саласында қайта өңдеуді қолдау құралдарын енгізу, отандық және халықаралық инвестицияларды тарту, сондай-ақ қалдықтар түзілетін жерлерде қайта өңдеу қуаттарын құру көзделген.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны