05.10.2006, 16:05 3337

Елімізде арнаулы шара аясында заңсыз сақталған 755 атыс қаруы тәркіленді

АСТАНА. 5-қазан. Kazakhstan Today. Республика бойынша қыркүйектің 25-і мен қазанның 4-і аралығында ұйымдастырылған "Қару-2006" жедел іздестіру шараларының барысында 755 заңсыз сақталған қару тәркіленді. Бұл туралы ІІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

81 ойық ұңғылы, оның ішінде 1 автомат, сонымен қатар тәркіленген 46 винтовка және карабин қаруларының 9-ы шолақ ұңғылы, 2 тапанша, өзгертілген 10 газды және 22 қолдан жасалған атыс қарулары. Ал қалған 633-і тегіс ұңғылы мылтықтар.

Арнаулы шара барысында 325 килограмм жарылғыш заттар, 176 жарылғыш қондырғы мен 4937 дана оқ-дәрі тәркіленді.

Тәртіп сақшылары тек жай үйлерді ғана емес, кәсіпорындарды да тексерді. Атап өтсек, Ақмола облысында "Аркада Индастри" ЖШС аумағынан "125 "аммонит" патрондары, 95 электродетонатор, 8 капсюль, 5 отты капсюль, 270 килограмм сары түсті жарылғыш зат тәркіленді.

Аталмыш шара кезінде азаматтар өз еркімен 1 мың 700 қаруды тапсырған. Олардың ішінде 172-сі ойық және 1 мың 314-і тегіс ұңғылы мылтықтар.

Сонымен қатар азаматтардың өз еріктерімен тапсырғандарының ішінде 5 мың 180 оқ-дәрі, 6 килограмм аса жарылғыш заттар және де 149 жарғыш құралғылардың ішінде 10 граната бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны