02.05.2024, 16:34 121386

Елімізде қаржы пирамидалары мен заңсыз ойын бизнесіне қарсы іс-қимыл жөніндегі алдын алу шаралары талқыланды

ҚМА Төрағасының орынбасары Қайрат Бижанов қаржы пирамидалары мен заңсыз ойын бизнесіне қарсы іс-қимыл жөніндегі алдын алу шаралары аясында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нартай Сәрсенғалиевпен кездесті, деп хабарлайды ҚМА баспасөз қызметінен.

Агенттік қызметкерлері депутатты "Қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл", "Қорғау" және басқа да әлеуметтік жобалардың іске асырылу барысы туралы хабардар етті.

Төрағаның орынбасары Қ. Бижанов лудомания тәуекелдерін сәйкестендіру жөніндегі мемлекеттік платформаны енгізу туралы баяндады. Бұл жаңашылдық арқылы кәмелетке толмағандардың, лудомандардың, шамадан тыс кредиттелген азаматтар мен әлеуметтік осал топ мүшелерінің бәс тігу мүмкіндігін шектеуге болады. Сонымен қатар, қылмыстық кірістерді жылыстату және заңдастыру фактілерінің алдын алуға бағытталған.

Нартай Сәрсенғалиев Агенттік дайындаған ҚР "Ойын бизнесі туралы", "Қылмыстық кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарына түзетулермен танысты.

Депутат оларды қарауға және сараптамалық-әдістемелік қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.

Тараптар кездесудің жемісті екенін атап өтіп, одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны