24.11.2023, 18:06 69321

Елімізде биыл 13 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салынды

Елімізде биыл 13 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салынды
Сурет: primeminister.kz
Қазіргі таңда Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және өңірлерді дамыту бойынша ауқымды жұмыстар жүріп жатыр. Бұл тұрғын үй құрылысы, ТКШ желілерін жаңарту, республиканың көлік-логистикалық әлеуетін нығайту және жаңа өндірістік кәсіпорындарды іске қосуға қатысты, деп хабарлайды ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметінен.

Бұл бағыттардың барлығы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым" сайлауалды бағдарламасында белгіленген.

Мемлекет жаңа тұрғын үйлер салады, барлық өңірдегі жергілікті инфрақұрылым мен инженерлік коммуникацияларды жаңартады. Біз сапалы жұмыс орнын қамтамасыз етеміз, әр азаматтың өзін дамытуына тең мүмкіндік жасаймыз. Мұның бәрі өңірлерді тұрғындар мен инвестициялар үшін тартымды етеді", - делінген бағдарламада.


Сонымен қатар бұл құжатта Қазақстан экономикасы көлік дәліздерін кеңейтуді қажет ететіні туралы жазылған.

Бұрыннан бар жаһандық тауар жеткізу жүйесінің бұзылуы біздің болашақ транзиттік мүмкіндігімізді күшейтті. Біз жаңа сапалы жолдар, қоймалар салып, айлақтардың әлеуетін арттыруымыз керек, саланы локомотивтермен, жүк көлігімен, контейнерлермен қамтамасыз етуіміз қажет. Мемлекет транзиттік дәліздердің жүк айналымы мен өткізу қабілетін арттырады. Сол арқылы ел экономикасына мол инвестиция тартуға тың серпін береміз", - деп атап көрсетілген құжатта.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны