28.01.2011, 18:33 4143

Елімізде халықтың ішіндегі ересек адамдардың басым бөлігі мемлекеттік тілді еркін меңгерген

Елімізде халықтың ішіндегі ересек адамдардың басым бөлігі мемлекеттік тілді еркін меңгерген. Бұл туралы бүгін, 28 қаңтарда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 28 - қаңтар. Kazakhstan Today - Елімізде халықтың ішіндегі ересек адамдардың басым бөлігі мемлекеттік тілді еркін меңгерген. Бұл туралы бүгін, 28 қаңтарда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, "2020 жылға қарай мемлекеттік тілді меңгерген қазастандықтардың саны кем дегенде 95 пайызға жетуі тиіс", деп мәлім еткен елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

"Қазіргі таңда мемлекеттік тілді еркін меңгерген халықтың ішінде ересек адамдардың саны басым көпшілікті құрайды. Бұл біздің тәуелсіздігіміздің орасан зор жетістігі. Оны айтып отырғаным 1991 жылы, тәуелсіздік жариялаған кезде Қазақстандағы қазақ халқының саны қанша еді? Халықтың жартысынан кем еді. Өз тілінен айырлып қала жаздаған, ана тілін білмейтін қазақтардың саны қанша еді? Мінеки осы жылдардың ішінде істеген шаруамыздың арқасында біздің санымыз халықтың 70 пайызына жақындап қалды. Бұл шынында да үлкен табыс. Енді алдымызда мынадай міндет тұр: 2017 жылы мемлекеттік тілді меңгерген қазақстандықтардың саны кем дегенде 80 пайызға, ал 2020 жылға қарай кем дегенде 95 пайызға жетуі тиіс. Енді 10 жылдан кейін мектеп бітіруші түлектер 100 пайыз мемлекеттік тілді білетін болады. Және біз бұл үшін бәрін жасап жатырмыз", - деді елбасы.

Мемлекет басшысы қазақстандықтар мемлекеттік тіл - қазақ тілін шын құрметпен меңгере бастағанын атап көрсетті.

"Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы жақындап келе жатыр ғой. Барлық халыққа түсіндіруіміз керек. Мемлекеттік қызметте, басқару жүйесінде, басқа жерлерде, барлық орындарда үлкен қарқынмен ана тілімізге көшуіміз қажет", - деді елбасы.

Сонымен қатар орыс және елімізді мекен еткен басқа ұлт тілдерін де дамытуға назар аударылатынын баса айтқан Н. Назарбаев: "Қазіргі заманда қазақстандықтар үшін үш тілді меңгеру басты міндет екенін әрқашан да айтып келемін. Сондықтан 2020 жылға қарай ағылшын тілін меңгерген халық үлесі кемінде 20 пайызды құрауы тиіс деп есептеймін", - деді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны