17.08.2026, 13:46 17311

Елімізде көмір жеткізілімдерін мониторингтеудің бірыңғай цифрлық жүйесі іске қосылды

Елімізде көмір жеткізілімдерін мониторингтеудің бірыңғай цифрлық жүйесі іске қосылды
Сурет: Depositphotos
Қазақстанда көмір жеткізілімдерін бақылайтын бірыңғай цифрлық жүйе іске қосылады. Ол отынның өндірілуі мен жөнелтілуінен бастап өңірлерге жеткізілуі және халыққа сатылуына дейінгі қозғалысын бақылауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Энергетика министрлігі.

Жүйе нақты уақыт режимінде көмір өндіру және тиеу көлемдері, көмірдің қозғалысы, тұйықтар мен қоймалардағы қорлар, бағалар, сондай-ақ өңірлер бойынша жоспарлардың орындалуы бақыланады.

Қазіргі уақытта елімізде 951 теміржол тұйығы және көмірді өткізумен айналысатын 586 оператор жұмыс істейді. Бұған дейін жеткізу тізбегінің әртүрлі кезеңдері бойынша ақпарат бірнеше дереккөзден келіп түскен. Енді олардың барлығы бірыңғай жүйеге біріктіріледі.

Энергетика министрлігі жүйе жеткізілімнің әртүрлі кезеңдеріндегі деректерді салыстыруға және ауытқуларды жедел анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, қордың жеткіліксіз көлемі қалыптасқан, тиеу қарқыны төмендеген немесе жеткізу кестесінің бұзылу қаупі туындаған учаскелерді анықтауға болады. Бұл мәселе түпкілікті тұтынушыға әсер етпей тұрып, алдын ала әрекет етуге мүмкіндік береді.

"Біздің міндетіміз - жеткізілімдердің бүкіл тізбегін ашық әрі әрбір кезеңде көрінетін ету. Ең бастысы - ауытқуларды алдын ала анықтап, олардың халықты көмірмен қамтамасыз етуге әсер етуіне дейін қажетті шараларды қабылдау", - деді Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің төрағасы Ержан Ертаев.


Алдағы уақытта платформаның мүмкіндіктерін жасанды интеллект элементтері арқылы кеңейту жоспарлануда. Бұл деректерді тереңірек талдауға және жеткізу тізбегіндегі ықтимал тәуекелдерді дәлірек анықтауға мүмкіндік береді.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымында өңірлерге шамамен 8,15 млн тонна көмір жеткізілді. Бұл жоспарлы көлемнің 109%-ын құрады. Ал алдағы жылыту маусымына қажеттілік 7,3 млн тонна көлемінде айқындалды.

Маусымға дайындықты коммуналдық-тұрмыстық сектор мен халықты көмірмен қамтамасыз ету жөніндегі республикалық штаб бақылайды. Ол жұмысын 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымы аяқталғанға дейін жұмысын жалғастырады.

Әкімдіктерге көмір қорын бақылап, цифрлық платформадағы деректерді уақтылы жаңартып отыру тапсырылды. Көмір өндіруші кәсіпорындар өңірлердің өтінімдерін орындауға, операторлар қажетті қор көлемін сақтауға, ал "ҚТЖ" отын тасымалдауға арналған жартылай вагондарды уақтылы беруге тиіс.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны