19.07.2016, 13:45 4308

Елiмiзде лаӊкестiк актiлер қайталануы мүмкiн - Е.Қарин

ҚР Президентi жанындағы Қазақстан Стратегиялық зерттеулер институтыныӊ директоры Ерлан Қарин ОКҚ брифингi барысында елiмiзде лаӊкестiк актiлер қайталануы мүмкiн деп мәлiмдедi

Астана. 19 шілде. Kazakhstan Today - ҚР Президентi жанындағы Қазақстан Стратегиялық зерттеулер институтыныӊ директоры Ерлан Қарин ОКҚ брифингi барысында елiмiзде лаӊкестiк актiлер қайталануы мүмкiн деп мәлiмдедi, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Алматыда болған қайғылы оқиғалар бiз, яғни, қоғам мен мемлекет үшiн үлкен сабақ болды. Сондай-ақ, бұл осы қауiптерге қарсы әрекет ету проблемаларын шешуде күш бiрiктiруге ықпал етпек. Бiз сыртта, Орталық Азия аймағындағы лаӊкестiк актiлерге назар аударамыз деп, iштегi "ұйқыда жатқан" ошақтарды байқамадық. Менiӊ ойымша, осы қауiп-қатердi мемлекет пен қоғам деӊгейiнде дұрыс бағаламау жалпы ахуалға ықпал етiп отыр. 2011-2012 жылдардағы оқиғалардан кейiн барлығы жылдам басылып қалды. Болған оқиғалар радикализмнiӊ бiр реттiк көтерiлiстерi деп бағаланды. Өкiнiшке қарай, мемлекет пен қоғамға терроризммен ұзақ күреске дайындалу керек", - дейдi Е.Қарин, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Сарапшыныӊ айтуынша, кеше Алматыда болған және маусымныӊ басында Ақтөбеде болған оқиғалардан кейiн осындай қылмыстардыӊ қайталану қаупi бар.

Естеріӊізге салып өтсек, Алматыда Абай-Байзақов көшелерініӊ қиылысында, ҰҚКД ғимаратына таяу маӊда Руслан Куликбаев есімді қаруланған жігіт адамдарға оқ жаудырды. Жаралыларды жедел жәрдем бригадасы ауруханаға алып кетті. Тәртіп сақшылары қаскөйлердіӊ бірін қолға түсірген, екіншісіне іздеу жарияланды. Қарулы шабуылға байланысты Алматы аумағында террорлық қауіптіӊ "қызыл" деӊгейі жарияланды. Дәл осы күні кешке бұл деӊгей жойылды. Кейінірек ішкі істер органдарыныӊ қызметкерлері тәртіп сақшыларына оқ атқан қаскөйдіӊ қасында болған екінші адамды да ұстады. Анықтау барысында оныӊ кепіл тұтқын екені белгілі болды.

Атыс салдарынан Алматыныӊ медициналық ұйымдарында 8 адам ем қабылдап жатыр. Атыс кезінде 3 полицей, 1 шекарашы және 1 тұрғын көз жұмып, 6 полицей мен 3 тұрғын жараланды. Алматыдағы терактініӊ толық картинасымен мына сілтеме арқылы таныса аласыздар.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны