Биылғы вегетациялық кезең ауа-райының құбылмалы болғанына қарамастан оң нәтижемен аяқталды. Қазгидрометтің деректері бойынша вегетациялық кезеңде атмосфералық және топырақ құрғақшылығы елдің оңтүстік және оңтүстік-батыс аймақтарында байқалды. Суармалы егіншілікке негізделген аймақтар суару маусымында сумен қамтамасыз етілуіне, су қоймаларының толуына және трансшекаралық өзендерден судың келуіне тәуелді. Биыл бұл факторлар да еліміздің суармалы егіншілігі үшін қолайлы болды", - деп мәлімдеді вице-министр.
2026 жылға дейін мақта алқаптарын - 36,4 мың гектарға, күріш алқаптарын - 14,1 мың гектарға қысқарту жоспарлануда. Өткен жылмен салыстырғанда күріш алқабы 2,2 мың гектарға қысқарып, 98,1 мың гектарға дейін жеткізілді, мақта егетін алаң 10 мың гектарға қысқарып, 106,4 мың гектарға дейін жетті", - деп мәлімдеді ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов.
Биыл су үнемдеу тәсілдерін қолданған суармалы жерлердің ауданы 85,1 мың гектарға ұлғайтылды, сондай-ақ 57,6 мың гектар жер лазерлі жоспарлау құрылғысымен тегістелді. Жыл қорытындысы бойынша су үнемдеу технологияларын қолдану арқылы енгізілетін алқаптардың көлемі 150 мың гектарға дейін жеткізілетін болады", - деді спикер.
Министрлік қажетті мемлекеттік және қаржылық қолдау шараларын көрсетуде. Соңғы екі жылда инвестициялық субсидиялар аясында 594 жоба 33 млрд теңге соммасына қаржыландырылды. Сонымен қатар барлық облыста сенімді агент арқылы агроөнеркәсіп кешені саласындағы жобаларды несиелендіруді бағдарламасы іске асырыла бастады. Биылдан бастап, суару жобалары СҚО тәжрибесі аясындағы несиелендіруге жататын жобалар тізіміне енгізіліп, 10 жылға дейін 2,5%-бен қаржыландырылады", - деп атап өтті А. Сұлтанов.
Мысалға, түріктің AKPLAS компаниясы ирригациялық жүйелерді "Байқоңыр" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен бірлесіп, Қызылорда облысында ирригациялық жүйелерді өндіру жөніндегі жобаны іске асыруға ниет етіп отыр. Өндірісті іске қосудың жоспарланған мерзімі - 2025 жылдың үшінші тоқсаны. Шетелдік және қазақстандық компаниялардың күш-жігерін ұштастыру су үнемдеу секторын тұрақты дамыту үшін берік негіз құруға мү
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

