15.07.2016, 16:34 4599

Елімізде террорлық қауіптіӊ "сары" деӊгейі 30 күнге ұзартылды

"Қазақстан Республикасыныӊ Терроризмге қарсы орталығы еліміздіӊ тұтастай аумағында террорлық қауіптіӊ қалыпты ("сары") деӊгейініӊ әрекет ету мерзімін 2016 жылдыӊ 16 шілдесінен бастап 30 күнге ұзартылғаны туралы хабарлайды"

Астана. 15 шілде. Kazakhstan Today - Елімізде биылғы жылдыӊ 16 шілдесінен террорлық қауіптіӊ "сары" деӊгейі 30 күнге ұзартылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Қазақстан Республикасыныӊ Терроризмге қарсы орталығы еліміздіӊ тұтастай аумағында террорлық қауіптіӊ қалыпты ("сары") деӊгейініӊ әрекет ету мерзімін 2016 жылдыӊ 16 шілдесінен бастап 30 күнге ұзартылғаны туралы хабарлайды", - делінген хабарламада, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Бұл шешімді "Терроризм актісі қатерініӊ туындауы туралы ақпарат мониторингініӊ және халықты хабардар етудіӊ мемлекеттік жүйесініӊ ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы" ҚР Президентіӊ 2013 жылғы 9 тамыздағы №611 Жарлығы талаптарына сәйкес Ұлттық қауіпсіздік комитетініӊ төрағасы қабылдады, деп жазады Қазақстан Республикасыныӊ Терроризмге қарсы орталығыныӊ баспасөз қызметі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны