26.06.2013, 15:11 2850

Елімізде травматикалық қаруды атыс қаруымен теңестіру ұсынылуда

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, елімізде азаматтардан травматикалық қаруды жинап алғаннан кейін оны сақтауға жазаны заңнамалық деңгейде күшейту керек. Бүгін Мәжілістің пленарлық отырысында төменгі палата спикері Нұрлан Нығматулин мәлімдеді.

Астана. 26-маусым. Kazakhstan Today - Елімізде травматикалық қаруды атыс қаруымен теңестіру ұсынылуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, елімізде азаматтардан травматикалық қаруды жинап алғаннан кейін оны сақтауға жазаны заңнамалық деңгейде күшейту керек. Бүгін Мәжілістің пленарлық отырысында төменгі палата спикері Нұрлан Нығматулин мәлімдеді.

"19 рет қана жарақат салатын қару өзіндік қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қолданылған. Есесіне мыңдаған рет ол қарақшылық, тонау, азаматтарға қауіп төндіру үшін қолданылған", - деп атап өтті Мәжіліс төрағасы .

"Біз қолданған шарамен шектеліп қалмау керек. Логикалық тұрғыдан травматикалық қаруды заңсыз сақтағаны үшін жазаны қатайту жолында тоқталып қалмауымыз керек деп санаймын", - деп ұсыныс көтерді Н.Нығматулин.

"Егер мемлекет 2 млрд 100 млн (теңге) қаруды сатып алуға қаржы бөледі десек, қандай да бір айдың біріне дейін деп уақыт белгілесек, онда сол айдың екісінен бастап қаруды пайдалануға тыйым салатын заңнама жұмыс істеуі керек. Оны атыс қаруымен теңестіргенде ешкім бұл қаруды заңсыз саудалаумен айналысқысы келмей қалады", - деді Мәжіліс төрағасы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны