17.08.2006, 12:26 3839

Елімізде үкімет қаулысымен білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау нысандарына жаңа атаулар берілді

АСТАНА. 17-тамыз. Kazakhstan Today . Республика үкіметінің қаулысымен білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау нысандарына белгілі мәдениет қайраткерлерінің, ғалымдардың, ақындардың, дәрігерлердің, педагогтардың есімдері берілді, деп хабарлайды кттілшісі ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

Осы қаулыға сәйкес Алматы облысы бойынша Алакөл ауданының Екпінді орта мектебіне - профессор, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген мәдениет қайраткері Малғаждар Иубәкіровтың;

Қапшағай қаласы Шеңгелді ауылының № 6 орта мектебіне - тарихшы-ғалым Қадырғали Жалаиридің;

Алакөл ауданы Үшарал қаласының аудандық Мәдениет үйіне - халық әртісі Зейнеп Қойшыбаеваның;

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Аягөз ауданы Баршатас ауылының № 1 мектебіне - Оспанқұл Меңаяқұлының;

Алматы қаласы бойынша Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына - Қазақ КСР еңбек сіңірген дәрігері Изатима Жекенованың есімі берілді

Алматы облысы бойынша Ескелді ауданы Матай Байысов ауылының Дзержинский атындағы орта мектебі - халық ақыны Темірғали Рүстембеков атындағы орта мектеп; Шығыс Қазақстан облысы бойынша Аягөз ауданы Тарбағатай ауылының Октябрь атындағы орта мектебі - Тарбағатай орта мектебі деп өзгертілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны