16.10.2006, 17:06 3039

Елімізде заңдастырылған еңбек мигранттарының саны 100 мың адамнан асты

АСТАНА. 16-қазан. Kazakhstan Today. Бүгінгі жағдаймен елімізде заңдастырылған еңбек мигранттарының саны 102 667 адамды құрады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Бағдат Қожахметов құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Өткізіліп жатқан жұмыстар нәтижесінде ағымдағы жылдың шетелдік азаматтардан 106 178 өтініш қабылданды. Соның ішінде 73 994 адам - Өзбекстан Республикасының азаматтары , 14 120 адам - Қырғыз Республикасының азаматтары болса, Ресей Федерациясынан - 6623, Тәжікстан Республикасынан - 3089 адам бар.

Аймақтар арасында заңдастарылған заңсыз еңбек иммигранттардың ең көп саны Алматы қаласы, Алматы облысы және Оңтүстік Қазақстан облыстарының үлесінде.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2006 жылдың 4 шілдесіндегі № 149 "Заңсыз еңбек иммигранттарын заңдыстыруға байланысты рақымшылық туралы" заңын іске асыру аясында республика аумағында заңсыз еңбек иммигранттарын заңдастыру бойынша бір реттік шара өтуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны