23.01.2009, 18:48 4211

Елімізде жасалынып жатқан тонау мен ұрлықтың жартысы ашылмайды - Бас прокуратура

Елімізде жасалынып жатқан тонау мен ұрлықтың жартысы ашылмайды - Бас прокуратура

Астана. 23 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Елімізде жасалынып жатқан тонау мен ұрлықтың жартысы ашылмайды. Бұл туралы бүгін прокуратура органдарының 2008 жылғы жұмысының негізгі қорытындыларына арналған баспасөз мәслихатында ҚР Бас прокурорының орынбасары Рахымбек Мамырбаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біздегі мәліметтерге қарағанда, елімізде жасалынып жатқан тонау мен ұрлықтың жартысы, әр бесінші қарақшылық, әр төртінші бұзақылық пен әр тоғызыншы кісі өлтірушілік ашылмайды. Іздеу мен тергеуді ұйымдастырудың нашарлығынан 233 кісі өлтіруші, 150 қарақшы және 99 тонаушы бостандықта жүр, 2 028 қылмыстық іс тоқтатылған",- деді Бас прокурор орынбасары.

"Елімізде тіркелген қылмыстар саны 2007 жылмен салыстырғанда 2008 жылы - 0,5 пайызға төмендеді. Статистика бойынша барлығы 127 478 қылмыс тіркелді",- деді ол.

Сонымен қатар, жалпықылмыстық әрекеттер саны 1,5 пайызға төмендеді (108 836 дейін), бірақ ауыр және өте ауыр қылмыстар саны өскен.

Қылмыстарды ашу- 63,4 пайыздан 64,2 пайызға дейін аздап өсті.

Алматы қаласы мен Алматы облысы, сонымен қатар Шығыс Қазақстан, Қарағанды мен Павлодар аймақтары ашылған қылмыстар бойынша ең төмен көрсеткіш көрсетіп отыр.

Көрсеткіштерді көтеру мақсатында құқық қорғау органдары күмәнді қылмыстарды есепке алудан жасыру фактілеріне жол береді. Сондықтан прокурорлардың алдына мұндай жағдайды алдын алу міндеті қатаң қойылды.

Прокурорлық тексеру қорытындысы бойынша 2008 жылы 3 839 жасырылған қылмыс анықталды және есепке қойылды, олардың 3 353 ішкі істер, 273 - қаржы полициясы органдарында.

Қылмыстық қудалау органдары өз көрсеткіштерін көтеруге ұмтылып азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын әлгі күнге дейін бұзуда.

Өткен жылы 40 мың тексеру қорытындысы бойынша қамауға алу негізі болмағандықтан уақытша ұстау қамағынан 1 317 адам босатылды, сонымен қатар прокурорлар полиция органдарының қызметтік бөлмелерінен заңсыз ұстағалған 850 адамды босатты.

Азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзу фактісі бойынша құқыққорғау қызметкерлеріне қатысты 44 қылмыстық іс қозғалып, бүгінде оның 24-і сотқа жіберілді.

Жедел-іздестіру қызметі заңдылығын қадағалау арнайы жедел-іздестіру шараларды жүргізу заңдылығын тексеруге, жедел-іздестіру шараларды жүргізу нәтижесінде алынған жеке адамның өмірі туралы мәліметтерді есепке алу, сақтау және жою жөніндегі заңдылық талаптарды сақтауға бағытталған.

Прокурорлар 2008 жылы жедел-іздестіру шараларды жасау кезінде арнайы техникалық құралдарды заңсыз қолданудың 47 фактісін анықтады ( Бұл 2007 жылға қарағанда 21 фактіге артық.

Азаматтардың жеке өміріне заңдылық негізсіз араласу барлық аймақтарда орын алды. Сонымен бірге, жасалынатын қылмысқа қатысы жоқ адамдардың жеке өмірі туралы заңсыз мәліметтер жинау жөнінде де көптеген фактілер анықталды.

Адамдардың құқықтарын бұзудың барлық фактілері бойынша тиісті ұсыныс енгізілді. Оларды қарастыру қорытындысы бойынша ІІМ, ҰҚК және қаржы полициясы органдарының бірқатар лауазымды адамдары жазаланды.

Сонымен қатар, өткен жылы прокурорлар заңсыз жедел-іздестіру шараларды жүргізуді тоқтату туралы 300 қаулы енгізді, 10 заңсыз арнайы жедел-іздестіру шарасы анықталды, 492 арнайы шара жүргізу қаулысына санкция берілмеді. Сөйтіп прокурорлар жүздеген адамның жеке өміріне заңсыз араласуды тоқтатты.

Прокуратура органдары уәкілетті органдарының жедел-іздестіру шараларының заңдылығы мен тиімділігі жағдайына барлығы 4,5 мың тексеру жүргізді, тәртіптік өндіріс қозғау туралы 2 мыңнан астам ұсыныс пен қаулы енгізді. Олар бойынша құқыққорғау органдарында 2 535 лауазымды адам жауапкершілікке тартылды.

2008 жылы Республиканың соты 57 934 адамға қатысты 47 246 қылмыстық істі қарады, барлық істер бойынша прокурорлардың қатысуы қамтамасыз етілген.

Сонымен бірге, прокурорлардың аппеляциялық және қадағалау тәртібінде 2 226 адамға қатысты сот үкімдеріне наразылық келтірілді және тоқтатылды.

2008 жылы прокурорлардың наразылығы бойынша 32 адамға қатысты заңсыз және негізсіз ақтау үкімдері жойылды. 19 адамға қатысты ақтау үкімі аппеляциялық наразылық беру сатысында.

41 адамға қатысты ақтау үкімдері заңды күшіне енді.

2008 жылы сот 67 істі алқалы соттың қатысуымен қарады. Сондай-ақ, 17 іс бойынша 34 сотталушы істі алқалы соттың қарауы туралы берген өтініштерінен бас тартты.

Сонымен қатар, өткен жылы Республиканың соты 282 467 азаматтық іс қарады, 2007 жылға қарағанда 57 218 іске артық.

Алайда прокурорлық наразылығы бойынша аппеляциялық тәртібінде - 1 112, қадағалау тәртібінде - 419 сот шешімі тоқтатылды.

Қадағалау инстанцияның соты Бас прокуратураның 123 наразылығын қарады, оның 70-і қанағаттандырылды.

Қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот төрелігін тағайындау кезінде жіберілген барлық заң бұзушылықтар бойынша прокуратура органдары тиісті шаралар қабылдады.

2008 жылы Республиканың прокуратура органдары қылмыстық-атқару жүйесінде 2 563 тексеру жүргізді, тексеру барысында 4 250 заң бұзушылық фактісі анықталды, оның 890 фактісі сотталған және тергеу кезінде қамауға алынғандардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қатысты.

Прокурорлар заң бұзушылықтарды жою мақсатында 1 590 прокурорлық ықпал ету актісін енгізді. Тәртіптік жауапкершілікке мыңнан астам лауазымды адам тартылды. Сонымен қатар 19 сотталушы мен Қылмыстық-атқару жүйесінің 3 қызметкеріне қатысты 21 қылмыстық іс қозғалды.

2008 жылдың 25 қаңтарында Елбасының қатысуымен өткен мәжілістің протоколдық шешімін орындалуына сәйкес Бас прокуратура адамдардың шағымдары мен қабылдау жөнінде жұмысын жақсартуына бағытталған шаралар қабылдады.

Азаматтарды жеке қабылдау және қызметкерлердің жауапкершілігін көтеру жөніндегі жұмысты тиісті ұйымдастыру үшін Бас прокурордың бұйрығы бойынша Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында және мекемелерінде жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдаудың жаңа тәртібі бекітілді.

Бұл шара бойынша жүргізілген жұмыс көрсеткіштерде байқалды: 2008 жылы прокуратура органдары 111 мыңнан астам жеке және заңды тұлғалардың шағымын шешті (2007 жылға қарағанда 7,5 пайызға артық). Сонымен қатар, 58 мыңға жуық азамат пен заңды тұлғаның жеке қабылдауы жүргізілді, оның ішінде 35 мың адамды облыс прокуратуралардың басшылары тікелей қабылдады, бұл былтырғы көрсеткіштерден 12 пайызға артық.

"Алқа мәжілісінің қорытындысы бойынша, қадағалау қызметін жақсартуға бағытталған шараларды одан әрі қарай жүзеге асыру мақсатында Бас прокуратура 2009 жылды "Құқық бұзушылықты алдын алу мен оны болдырмау - еліміздегі заңдылықтың кепілі" деген ұранмен өткізуді шешті. Бұдан қылмыстардың алдын алу және басқа заң бұзушылықтарды болдырмау біздің биылғы жұмысымыздың негізгі өзегі болатынын аңғару қиын емес",- деді Р.Мамырбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны