07.08.2020, 18:46 5992

Елімізде жыл сайын орта есеппен 10 мыңға жуық нормативтік құқықтық актілер қабылданады

Бұл ретте, елімізде жыл сайын орта есеппен 10 мыңға жуық нормативтік құқықтық актілер қабылданады (2017 жылы 9 380 НҚА, 2018 жылы - 10 645, 2019 жылы - 10 432, 2020 жылдың 1 жартыжылдығында - 5 610).

Алматы. 7 тамыз. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысының бастамасымен өткен жылдың соңында жұртшылықты кеңінен тарта отырып, нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманы қалпына келтіру бойынша заңнамалық түзетулер енгізілді.

Аталған бастама заң шығару процесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің таралуына байланысты уақтылы "сақтандырғыш" болып табылады.

Тек ағымдағы жылы мемлекеттік органдардың және ұйымдардың қызметінде 121 сыртқы талдау қорытындылары бойынша Агенттік енгізген ұсынымдардың 80%-ы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді жоюға бағытталғандығы осының айғағы болып табылады.

Бұл ретте, елімізде жыл сайын орта есеппен 10 мыңға жуық нормативтік құқықтық актілер қабылданады (2017 жылы 9 380 НҚА, 2018 жылы - 10 645, 2019 жылы - 10 432, 2020 жылдың 1 жартыжылдығында - 5 610).

Егер нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау көрсеткішін олардың жалпы санына кеңейтетін болсақ, онда олардың үлкен үлесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерге ұшырайды деп айтуға болады.

Осыған байланысты, осындай фактілерді болдырмау мақсатында 2020 жылғы 16 шілдеде Үкіметтің қаулысымен (№ 451) Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу қағидалары бекітілді.

****

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама туралы

Бірінші. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуді үйлестіру жақын арада Агенттікпен "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңға сәйкес айқындалатын ғылыми мекемеге немесе жоғары оқу орнына жүктеледі.

Үйлестіруші анықталғаннан кейін Агенттік барлық мемлекеттік органдарға онымен одан әрі өзара іс-қимыл жасау үшін оның байланыс деректерін (атауы, мекенжайлары, телефондары, электрондық пошталары) көрсете отырып хабарлама жібереді.

Үйлестірушінің міндетіне:

сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу үшін сарапшыларды конкурстық іріктеуді жүргізу;

сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу құнын айқындау тәртібін белгілеу;

сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама қорытындыларын тексеру;

нормативтік құқықтық акт жобаларын әзірлеушілермен өзара іс-қимыл жасау.

****

Екінші. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманы Агенттік қалыптастыратын сарапшылар тізіліміне енгізілген сарапшылар жүргізеді.

Бұл ретте, үйлестіруші сарапшыларды конкурстық негізде іріктейді.

Конкурстық іріктеу ережелері бүгінгі күні Агенттікпен қоғамның ұсыныстарын ескере отырып ("Ашық НҚА" порталы, Қоғамдық кеңес), әзірленді және Әділет министрлігінде келісуге жолданды.

Алайды, сарапшыларға қойылатын негізгі өлшемшарттар:

1) жоғары білімді;

2) сарапшы ретінде әрекет етуді болжайтын қызмет саласында кемінде 5 жыл не сарапшы ретінде әрекет етуді көздейтін қызмет саласында ғылым кандидаты, ғылым докторы, PhD доктор немесе бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесі болған жағдайда кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесін;

3) өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болмауын;

4) әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін 3 жыл әкімшілік жазаның болмауын;

5) мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық үшін жұмыстан босатылмауын;

6) сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін соттылығының болмауын қамтиды.

Алдын ала конкурстық іріктеу төрт кезеңнен тұратынын айта аламын:

конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардан құжаттарды қабылдау;

конкурстық іріктеуге қатысушылардың құжаттарын белгіленген өлшемшарттарға сәйкестігін қарау;

кандидаттарды тестілеуді өткізу;

сарапшылар тізіліміне енгізу үшін кандидаттармен әңгімелесу.

Конкурстық іріктеудің барлық кезеңдерінен сәтті өткен сарапшылардың кандидатуралары оларды сарапшылардың бірыңғай тізіліміне енгізу үшін Агенттікке жіберіледі.

Конкурстық іріктеу ережелері ресми бекітілгеннен кейін танысу үшін Агенттіктің сайтында орналастырылады.

****

Үшінші. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу үшін әзірлеуші үйлестірушіге қажетті құжаттардың пакетін қоса бере отырып, нормативтік құқықтық акт жобасын қағаз және электрондық түрде жолданады.

Өз кезегінде, қабылданған құжаттарды тіркегеннен кейін үйлестіруші біртектілік негізде осы нормативтік құқықтық акт жобасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу үшін сарапшы немесе сарапшылар тобын айқындайды.

Бұл ретте, мүдделер қақтығысын болдырмау мақсатында нормативтік құқықтық акт жобасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуге осы жобаны дайындауға тікелей қатысқан сарапшыны тартуға тыйым салынады.

Заңнамалық актінің жобасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу мерзімі 15 жұмыс күнінен, заңға тәуелді нормативтік құқықтық акт жобасы бойынша 10 жұмыс күнінен аспауы тиіс.

Мұнда айта кететін жайт - бұл мерзім әзірлеушіге арналған, ал іс жүзінде сарапшының нормативтік құқықтық акт жобасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу мерзімі аз болуы мүмкін.

****

Төртінші. Агенттік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеуде, олар болашақ сарапшылардың үстелдік кітабын алмастыруы тиіс.

Олар әдістемелік ұсынымдарды басшылыққа ала отырып, нормативтік құқықтық акт жобасының мазмұнын және ұсынылатын материалдарды келесіні белгілеу үшін зерделеуі тиіс:

1) нормативтік құқықтық акт жобасын қабылдау мақсаттары;

2) нормативтік құқықтық акт жобасында ұсынылатын шешімдер үшін дәлелдердің жеткіліктілігі мен негізділігі;

3) әзірлеушінің ниеті.

Нормативтік құқықтық акт жобасын талдау әзірлеушінің жеткілікті негізделмеген нормативтік құқықтық акт жобасын жасыруына және оған қолдау көрсетуге немесе жұртшылықты өзінің шынайы ниеттеріне қатысты жаңылыстыруға бағытталған сыбайлас жемқорлық нормаларды белгілеу мақсатында жүргізіледі.

****

Бесінші. Нормативтік құқықтық акттердің әрбір жобасы бойынша жүргізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың қорытындылары бойынша сарапшы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың қорытындысын дайындайды және үйлестірушіге келісуге жібереді.

Қорытындыда міндетті түрде:

1) сарапшының, әзірлеушінің деректері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың мәні мен мақсаттары, нормативтік құқықтық акт жобасының атауы, оның мақсаты мен құрылымы;

2) нормативтік құқықтық акт жобасы шешуге бағытталған проблемалық мәселелердің сипаттамасы;

3) анықталған сыбайлас жемқорлық нормаларының сипаттамасы;

4) нормативтік құқықтық акт жобасының нормаларын қабылдаудың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасау мүмкіндігі бөлігінде салдарларын бағалау;

5) анықталған сыбайлас жемқорлық нормаларды жою бойынша ұсыныстарды, оның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға кедергі келтіретін құқық нормалары нысанындағы ұсынымдарды қамтуға тиіс.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың қорытындылары ұсынымдық сипатта екенін атап өткен жөн. Алайда, әзірлеушінің оларды қабылдаудан бас тартуы негізді болуға тиіс.

Ұлттық заңнамада сыбайлас жемқорлықтың алдын алу процесі ретінде нормативтік құқықтық акт жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама ортақ күш-жігерді біріктірген жағдайда орасан зор әсер ететіні сөзсіз.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны