Система Orphus

Еліміздегі аз қамтылған және толық емес отбасыларға мемлекет тарапынан қандай әлеуметтік қолдау көрсетіледі?

11.02.2019, 19:54 5806

Астана. 11 ақпан. Kazakhstan Today - Бүгінде еліміздегі аз қамтылған және толық емес отбасылар мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдаумен қамтамасыз етілген, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Толық емес отбасы ретінде жесір әйел, ажырасқан және жалғыз басты аналар есептеледі.

Бірінші кезекте бала туғанда 95 950 теңге көлемінде біржолғы жәрдемақы беріледі. Отбасында 4-ші және одан кейінгі бала дүниеге келгенде 159 075 теңге біржолғы жәрдемақы төленеді.

Одан бөлек, 1 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша:

1-балаға - 14 544 теңге,

2-балаға - 17 196 теңге,

3-балаға - 19 822 теңге,

4-балаға - 22 473 теңге көлеміндегі жәрдемақы қарастырылған.

Сондай-ақ, аталған санаттағы отбасы үшін ай сайын жанұядағы адам басына 15 498 теңге әлеуметтік қолдау төлемі беріледі және "Толық емес отбасы" санаты бойынша баспана кезегіне тұру мүмкіндігі бар.

Одан бөлек, асыраушысынан айырылған жағдайда арнайы жәрдемақымен қамтылады.

Жанұясында еңбекке жарамсыз 1 адамы бар жұмыссыз анаға баласы 8 жасқа толғанша 25 541 теңге көлемінде жәрдемақы төленеді. Егер отбасында 2 адам еңбекке жарамсыз болса - 44 251 теңге, 3 адам болса - 54 942 теңге, 4 адам болса - 58 209 теңге, 5 адам болса - 60 287 теңге, 6 және оданда көп болған жағдайда 62 663 теңге берілетін болады.

Сонымен қатар, "Алтын алқа" иесіне (7 және одан да көп бала) - 16 160 теңге, "Күміс алқа" иесіне (6 бала) - 16 160 теңге және 4-5 баласы бар анаға 10 504 теңге (01.01.2018 жылға дейін рәсемделген жағдайда) көлемінде әлеуметтік қолдау көрсетіледі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны

Серіктестердің жаңалықтары