01.09.2006, 11:14 2864

Еліміздегі мемлекеттік қызметкерлердің саны 30 процентке қысқартылады - президент

АСТАНА. 1-қыркүйек. Kazakhstan Today. Еліміздегі мемлекеттік қызметкерлердің саны 30 процентке қысқартылады. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін парламенттің үшінші сессиясының ашылуына арналған парламент палаталарының бірлескен отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Министрліктер саясатты айқындау мен оның жүзеге асырылуын қадағалау, саяси шешімдер қабылдау, нормативтер шығару және комитеттердің іс-қызметін үйлестіру функцияларын атқаруға тиіс",- деді Н.Назарбаев. "Өз кезегінде министрліктердің жанындағы комитеттер саясатты жүзеге асырумен дербес айналысып, бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыруға тиіс",- деді ол.

Сонымен бірге президенттің айтуынша, министрліктер, мекемелер мен әкімшіліктердің толыққанды жұмыс істеуі үшін олардың басқарушылық шешімдер қабылдаудағы дербестігі мен құзыреті күшейтілуге тиіс. "Сонда ғана бізде шаруашылық субьектілерінің экономикалық іс-қызметіне араласпайтын жинақы әрі кәсіби үкімет болады",- деді Н.Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны