28.01.2011, 18:13 4316

Еліміздегі жұмыссыздар жәрдемақы орнына мамандық игеру грантына ие болмақ

Еліміздегі жұмыссыздар жәрдемақы орнына мамандық игеру грантына ие болмақ. Бұл туралы бүгін, 28 қаңтарда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 28 - қаңтар. Kazakhstan Today - Еліміздегі жұмыссыздар жәрдемақы орнына мамандық игеру грантына ие болмақ. Бұл туралы бүгін, 28 қаңтарда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

РИА Новости ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанда жұмыссыздар 2012 жылда жәрдем ақша емес, керісінше мамандық иемдену грантын алатын болады, деп мәлім еткен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

"Мен үкiметке келесi жылдан бастап қосымша ақшалай төлемдерге өтуді мiндеттеймiн. Басты мәселе - масылдықты жеңу", - деп айтты Назарбаев, жұма күнгі парламент қос палатасының бас қосуындағы жасаған Қазақстан халқына жолдауында.

"Жұмыссыз жәй жұмыссыз отырғаны үшін қаржы алмай мамандық иемдену грантын алатын болады. Кедейшілік мәселелерін мемлекет үлесінен көмек ақша беріп жеңілдетпей, оны түбегейлі шешу керек. Мемлекет текқана жұмысқа жарамсыздар мен жағдайы төмендерге ғана көмек көрсететін болады.

Ол сондай-ақ, ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы көтерілген, 1 шілдеде шәкіртақы, бюджеттік саладағы қызметкерлердің жалақылары 30%-ға көтерілетін болады. "Өткен екі жылда біз осылай 25%-ға көтеріп келген болатынбыз. Илемнің барлық елдерінде қазір зейнетақыда болғаны секілді жалақыларда да қысқарулар жүріп жатыр. Алдын жоспарланғандай 2012 жылда орташа зейнетақы мен бюджеттік мемлекет кәсіпорындардағы жалақылар, және шәкіртақылардың көлемі 2008 жылмен салыстырған екі есеге артады. Біз осылай хабарлаған болатынбыз, және солай уақытынан ерте 2011 жылда жасап отыр", - деп баяндады Назарбаев.

"Бұл таяудағы он жыл ішінде жасауға тиістігіміздің ең төмені. Мен мұны жасаймыз деп сенемін", - деп бітірді сөзін ол.

"Осы мәселелерге байланысты барлық деңгейдегі атқарушы билік органдары мен "Нұр Отан" партиясы ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет",- деп атап өтті елбасы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны