Система Orphus

Еліміздің аумағына ірі көлемді есірткі енгізуге тосқауыл қойылды

21.09.2019, 19:47 21412

Нұр-Сұлтан. 21 қыркүйек. Kazakhstan Today - Еліміздің аумағына ірі көлемді есірткі енгізуге тосқауыл қойылды.

2019 жылдың 20 қыркүйегінде Түркістан облысының Сарыағаш ауданындағы "Жібек жолы" өткізу бекетінде Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі елімізге ірі көлемді есірткі затын енгізудің алдын алды.

"Х.А." атты Тәжікстан Республикасының азаматының автокөлігін тексеру барысында көлікте жасырын орын жабдықталғандығы анықталған. Тереңдетілген техникалық тексеру барысында автокөліктің бамперінде жасырылған спецификалық белгілері бар зат табылып, кейінірек, сараптама қорытындысы бойынша героин екендігі расталды.

Материалдар белгіленген тәртіппен тіркеліп, азамат "Х.А.", тәркіленген героин және автокөлік сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізу үшін құқық қорғау органдарына тапсырылды.

Жыл басынан бастапқазақстандық шекарашылар Мемлекеттік шекарадағы тексеріп-өткізу пунктерінде заңсыз айналымнан 120 килограм есірткі затының жолын кесті. Оның ішінде - 20 кг героин, 7 кг гашиш, 70 кгканабис шайыры, және көптеген көлемде синтетикалық есірткілер.

Шекара арқылы заңсыз есірткі айналымына сенімді тосқауыл қою үшін оларды іздестірудің замануи техникалық құралдары енгізілуде.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны