11.04.2017, 18:13 5006

Еліміздіӊ банк секторын сауықтыру жөнінде шаралар қабылдауды тездету керек - Нұрсұлтан Назарбаев

Кездесу барысында Мемлекет басшысына Ұлттық банктіӊ 2016 жылғы қызметініӊ қорытындылары жөнінде есеп беріліп, алдағы кезеӊге арналған жоспарлар таныстырылды.

Астана. 11 сәуір. Kazakhstan Today - Елбасы Ұлттық банк қызметініӊ қорытындылары жөнінде кеӊес өткізді,- деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына Ұлттық банктіӊ 2016 жылғы қызметініӊ қорытындылары жөнінде есеп беріліп, алдағы кезеӊге арналған жоспарлар таныстырылды.

Сондай-ақ, кеӊеске Қазақстан Президентініӊ әлеуметтік-экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі И.Смайылов, Ұлттық банк төрағасы Д.Ақышев, Ұлттық экономика министрі Т.Сүлейменов, Қаржы министрі Б.Сұлтанов және Ұлттық банк төрағасыныӊ орынбасарлары қатысты.

Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында Ұлттық банк пен еліміздіӊ қаржы жүйесі тұрақты жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

- "Қазақстанныӊ үшінші жаӊғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты жолдауда Үкімет пен Ұлттық банктіӊ алдына әлемніӊ дамыған 30 елініӊ қатарына қосылу жөнінде міндет қойылды. Ол үшін Оӊтүстік Корея сияқты әлемніӊ бірқатар елдерініӊ табысты тәжірибесіне сүйену қажет. Бірақ инфляцияны кезеӊ-кезеӊімен төмендету 3-4% деӊгейінде болуға тиіс, - деді Қазақстан Президенті.

Елбасы қаржы секторындағы тұрақтылыққа қауіп төндіріп отырған, үнемі кездесетін қатерлерге назар аударып, ұлттық экономиканы дамытудыӊ қазіргі қарқыны жеткізіліксіз екенін айтты.

- Бұл мәселені шешу үшін макроэкономикалық тұрақтылыққа, банк секторын сауықтыруға және қор нарығын дамытуға бағытталған шаралар қабылдау қажет. Қойылған міндеттерді іске асыруда Ұлттық банк басты рөл атқарады, - деді Мемлекет басшысы.

Д.Ақышевтіӊ мәліметіне сәйкес, 2016 жылдыӊ қорытындысы бойынша инфляция 13,6%-дан 8,5%-ға төмендеген. Биылғы наурызда бұл көрсеткіш 7,7% болды.

- 2017 жылдыӊ соӊында инфляция деӊгейі 7%-ға жетіп, 2018 жылы одан әрі төмендейді деп жоспарлануда. Инфляция қарқыны бәсеӊдеп келеді. Айырбас бағамыныӊ аздаған ауытқулары орын алып отыр. Бұл ретте ол толығымен негізгі факторларға тәуелді. Ұлттық банк тарапынан былтырғы қыркүйектен бастап интервенция жүргізілмегенін атап өткен жөн, - деді Ұлттық банк төрағасы.

Нұрсұлтан Назарбаевқа 14 млрд АҚШ доллары көлемінде рекордтық мөлшердегі шетел инвестициясы келгені және еліміздіӊ сыртқы қарызы азайғаны туралы мәлімделді.

Д.Ақышев Қазақстан Президентіне Ұлттық банк пен Ұлттық қор резервтерініӊ ахуалы, монетарлық саясаттыӊ іске асырылу барысы, валюта нарығыныӊ жағдайы, банк секторы мен қор нарығыныӊ дамуы, Бірыӊғай жинақтаушы зейнетақы қорыныӊ қызметі, банк көрсететін қызметтердіӊ цифрландырылуы, сондай-ақ осы саладағы жаӊа сын-қатерлер туралы баяндады.

- Еліміздіӊ банк секторын сауықтыру жөнінде шаралар қабылдауды тездету керек. Қажет болған жағдайда, акционерлер өз банктерін нақты ақша арқылы қайта капиталдандыруға тиіс. Сондай-ақ, олар әлсіз банктерді біріктіруге бейімделуі тиіс, - деді Елбасы.

Мемлекет басшысы ипотекалық қарыз проблемаларын қайта қаржыландыру бағдарламасыныӊ іске асырылу мәселелеріне ерекше тоқталып, азаматтардыӊ қаржылық жауапкершілігін арттырудыӊ маӊыздылығын атап өтті.

Кездесу соӊында Нұрсұлтан Назарбаев Д.Ақышев ұсынған есепті мақұлдап, бірқатар нақты тапсырма берді.

- Үкімет пен Ұлттық банкке бұған дейін жүктелген міндеттерді шешу жөнінде келісілген іс-қимылдар әзірлеу тапсырылады. Отандық және халықаралық деӊгейдегі былтырғы тәжірибені ескеріп, айырбас бағамы өзгеруініӊ түрлі жағдайындағы іс-қимылдыӊ нақты алгоритмі пысықталсын. Экономиканы ұзақ мерзімге несиелеу көлемін арттыру мақсатымен шұғыл депозиттерді көбейту шаралары әзірленсін. Қор нарығын дамыту жөніндегі жұмыстарды жандандырып, валюталық және ипотекалық қарыз алушылардыӊ проблемаларын шешу жөнінде ұсыныстар енгізілсін, - деді Қазақстан Президенті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны