31.03.2014, 19:38 7065

Еліміздің барлық аймақтарында симуляциялық орталық ашылады - ДСМ

"Біз бүкіл мемлекетті Астана мен Алматыға биліктілік категориясын алуға жібере алмаймыз. Сондықтанда еліміздің 16 аймағында семуляциялық орталықтар ашу шешімі қабылданды. Ал, барлық өңірлерде медицианылық жоғарғы білім беру мекемесі бола бермейтінін есепке ала отырып, жергілікті жерлерде ұйымдастыру жұмыстарын колледждерге беру шешімі қабылданды", - деп А. Сыздықова хабарлады.

Алматы. 31 наурыз. Kazakhstan today. Қазақстанның барлық 16 өңірінде симуляциялық орталықтар ашу туралы шешім қабылданды, деп аймақтық симуляциялық орталықтардың қызметін ұйымдастыруға арналған республикалық жиналыста ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ғылым және адам ресурстары департаментінің директоры Алма Сыздықова мәлім етті.

"Біз бүкіл мемлекетті Астана мен Алматыға биліктілік категориясын алуға жібере алмаймыз. Сондықтанда еліміздің 16 аймағында семуляциялық орталықтар ашу шешімі қабылданды. Ал, барлық өңірлерде медицианылық жоғарғы білім беру мекемесі бола бермейтінін есепке ала отырып, жергілікті жерлерде ұйымдастыру жұмыстарын колледждерге беру шешімі қабылданды", - деп А. Сыздықова хабарлады.

Аймақтық симуляциялық орталықтарда ортақ әдістеме бойынша жедел медициналық көмек көрсету мамандары оқытылып, денсаулық сақтау саласы мамандарының кәсіби біліктілігі және оған сәйкестігі бағаланатын болады.

Сонымен қатар, департамент директоры симуляциялық құралдарды сатып алу үшін қаржы аймақтарға жіберілді деп ағынан жарылды. Сондай-ақ, ол жиналысқа қатысушыларды АСО ашу процестеріне жауапкершілікпен қарауға шақырды. Себебі, біліктілік емтихандарын өткізу 2014 жылдың 3 тоқсанынан жоспарланған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны