18.05.2015, 11:42 3880

Еліміздіӊ бас көлік сақшысыныӊ қатысуымен Ақтөбе станциясындағы Ішкі істер басқармасында жұмыс кездесуі өтті

Көліктегі Ішкі істер департаментініӊ Ақтөбе станциясындағы ішкі істер желілік басқармасы ұзындығы 1400 шақырымды алып жатқан темір жол телімініӊ қоғамдық тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Жақында аталған станцияда Қазақстан Республикасы ІІМ Көліктегі Ішкі істер департаментініӊ бастығы полиция полковнигі Ержан Сапарбекұлы Саденовтыӊ арнайы қатысуымен жұмыс кездесуі өтті

Астана. 18 Мамыр. Kazakhstan Today - Көліктегі Ішкі істер департаментініӊ Ақтөбе станциясындағы ішкі істер желілік басқармасы ұзындығы 1400 шақырымды алып жатқан темір жол телімініӊ қоғамдық тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Жақында аталған станцияда Қазақстан Республикасы ІІМ Көліктегі Ішкі істер департаментініӊ бастығы полиция полковнигі Ержан Сапарбекұлы Саденовтыӊ арнайы қатысуымен жұмыс кездесуі өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жиын барысында Ақтөбе ст. ІІЖБ Көліктегі Ішкі істер департаменті бастығы полиция полковнигі С.Ж. Сәрсенов ҚР ІІМ мен Департамент басшылығы қойған талаптарға сай, өздерініӊ қызмет көрсету аумақтарында қылмыстар мен әртүрлі құқықбұзушылықтардыӊ алдын алу, қоғамдық орындарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында атқарған жұмыстар туралы есеп берді. Мәселен, жыл басынан бері Ақтөбе ст. ІІЖБ-ныӊ қызметкерлері 2301 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаған. Қоғамдық орындарда мас қүйде жүргені немесе ішімдік ішкені үшін 538, белгіленбеген жерде сауда жүргізген 189 құқық бұзушы әкімшілік жауакершілікке тартылып, көші-қон заӊнамасын бұзған 20 шетелдікке әкімшілік шара қолданылған.

Жүргізілген алдын алу жұмыстарыныӊ нәтижесінде қоғамдық орындарда жасалатын қылмыстық деректерге жол берілген жоқ.

Сонымен қатар жиында теміржол нысандарында жүріп-тұру тәртіптеріне, жолаушылар пойыздарында терезе сындыру фактілеріне және ондағы қауіпсіздік шараларын күшейту мәселелеріне, жолаушы және жүк тасымалдары саласындағы қылмыстар мен көлік нысандарындағы есірткі тасымалы арналарыныӊ жолын кесу үшін заӊсыз айналымдағы есірткі бизнесіне қарсы күресте қолданылып жатқан шараларға айрықша ден қойылды.

Басқосуда Департамент бастығы Е. Саденов Елбасыныӊ Жолдауынан туындайтын көлік полицейлері алдындағы міндеттерге кеӊінен тоқталды. "Елбасы Н.И. Назарбаевтыӊ тапсырмасы - ұсақ құқық бұзушылықпен күрес, яғни тұрғындар арасында "тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік" қағидатын қалыптастыру мәселесі қоғам дамуыныӊ бір тармағы болып табылады. Жақында Мемлекет басшысы Үкіметтіӊ кеӊейтілген отырысында осы мәселені тағы да қадап айтты. Сондықтан темір жол мен әуе көліктері нысандарында ұсақ бұзақылықтыӊ алдын алып, жолын кесу біздіӊ көлік полицейлері қызметініӊ басты мақсаттарыныӊ бірі болуы тиіс. Бұл бағыттағы іс-шараларды алдағы уақытта да жандандыру қажет", - деді Департамент басшысы Е. Саденов.

Сондай-ақ, ол көлік сақшыларыныӊ қоғам алдындағы беделі мен орны олардыӊ атқарған қызметтерініӊ нәтижесімен тікелей байланысты екендігін, халық сенімінен шығу үшін қылмыстыӊ ашылуы, қоғамдық тәртіп пен азаматтардыӊ қауіпсіздігін қамтамасыз ету аса жоғары деӊгейде болуы керектігін баса айтты. Бұл тұрғыда Департамент басшысы басқарма қызметкерлеріне бірқатар міндеттер жүктеді.

Жиын соӊында алдағы уақытта Ақтөбе ст. ІІЖБ қызмет көрсету аумағында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын ортақ іс-шаралар талқыланып, кадрларды іріктеу, қызметкерлердіӊ жауынгерлік, арнайы, психологиялық дайындықтары мен жеке құрамныӊ тәртіп пен заӊдылықты сақтауы жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Көліктегі ІІД баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны