20.11.2015, 12:31 3835

Елорда әкімдігінде қылмыстыӊ алдын алу мәселелері талқыланды

Астана қаласыныӊ әкімі Иділбек Жақсыбеков заӊдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіруші кеӊесініӊ кеӊейтілген отырысына қатысты.

Астана. 20 қараша. Kazakhstan Today - Астана қаласыныӊ әкімі Иділбек Жақсыбеков заӊдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіруші кеӊесініӊ кеӊейтілген отырысына қатысты. Отырыста елордадағы қылмыс пен құқық бұзушылықтыӊ алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстардыӊ тексеру нәтижелері талқыланды, сонымен қатар қылмыстыӊ алдын алу, криминогендік жағдайға теріс ықпал ететін себептер мен жағдайлар бойынша проблемалық мәселелер көтерілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Заӊдылықты, азаматтардыӊ қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтыӊ кез келген көріністеріне төзбеу - біздіӊ басым міндеттеріміз", - деді И. Жақсыбеков. Астана қаласыныӊ әкімі, сондай-ақ, елорда тұрғындары мен қонақтары тыныштығы мен амандығы, мүліктік құқықтары дұрыс қорғалғаны үшін сенімді болуы тиіс екенін атап өтті, деп хабарлайды astana.gov.kz тілшісі.

Қала прокуроры Сабыржан Бекбосынов алдын алу жүйесінде қылмыстық әрекет үшін алғышарттар жасайтын әлеуметтік-құқықтық факторларды жою жөніндегі шаралар басым болуы тиіс екеніне назар аудара отырып, құқық тәртібін нығайту, құқық бұзушылықтыӊ алдын алудыӊ түбегейлі жаӊа тәсілдерін әзірлеу мәселелерінде құқық қорғау және атқарушы органдардыӊ өзара іс-қимылын тиісті қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Отырыста көшелерді, тұрғын үй кешендерін, сауда орындарын, қоғамдық көлікті жарықтандыру, сапалы бейнебақылау жүйесімен жабдықтау, қоғамдық орындар мен көшелерде тұрақты полиция бекеттері желісін, сондай-ақ, жылжымалы полиция бекеттерін кеӊейту, учаскелік инспекторлардыӊ бекітілген аумақтағы жұмысын күшейту мәселелері көтерілді.

Жағдайды егжей-тегжейлі талдау, пісіп-жетілген мәселелерді шешу жолдарын талқылау қорытындысы бойынша, Үйлестіруші кеӊес қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша, әсіресе, адамдар көп жиналатын жерлерде (оныӊ ішінде сауда ойын-сауық орталықтарында да) тиісті жағдайды қамтамасыз етуге, елорда тұрғындарын қылмыстық қол сұғушылықтан қорғаудыӊ тиімді жүйесін құру, қылмысқа, экстремизм мен терроризм көріністеріне қарсы күресті күшейтуге бағытталған нақты ұсыныстар мен ұсынымдар әзірледі. Барлық отырысқа қатысушылар осы бағыттағы бірлескен жұмыстыӊ маӊыздылығын атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны