30.06.2014, 22:27 6598

Елорда күніне орай "Қазақ елі" алаңында халықтық серуен өтеді

5, 6, 7 шілдеде "Қазақ елі" монументі алдындағы алаңда халықтық серуен өтіп, "Шуақты қала" отбасылық фестивалі ұйымдастырылады.

Алматы. 30 маусым. Kazakhstan today. 5, 6, 7 шілдеде "Қазақ елі" монументі алдындағы алаңда халықтық серуен өтіп, "Шуақты қала" отбасылық фестивалі ұйымдастырылады.

Ұйымдастырушылардың атап өтуінше, "Шуақты қала" қалалық отбасылық фестивалінің артықшылығы оның өткізілетін аумағы. "Қазақ елі" монументі алдындағы алаң бұқаралық әрі әсерлі шара өтетін біртұстас сахна ретінде көрініс таппақ. Аумақ барлық жас шамасындағы адамдардың қызығушылықтары ескерілген 16 алаңға бөлінген. Оның әрқайсысы өз алдына бөлек безендірілген жеке кеңістік, деп қала әкімдігінің ресми порталы хабарлады.

Мереке кезінде әрбір адам жасына қарамастан өзіне ұнайтын ермекті таба алады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны